Көпсалалы индустриалды-техникалық коллежінде «Автомеханик» апталығында оқу өндіріс шебері Мамраимов Бауыржан 18-22 «Автомобиль көлігін жөндеу шебері» тобына «Салқындату жүйесі» тақырыбында өндірістік оқыту сабағын өтті. Сабақ барысында студенттер салқындату жүйесіне техникалық қызмет көрсету және оның ақаулары туралы білімдерін кеңейтті.
Жұмыс істеп тұрған двигательдің цилиндрлеріндегі газдың орташа температурасы 1000°С жуық. Жұмыс барысында газ цилиндрлер кенересін, поршень мен блок қалпақшасын қыздырады. Егер двигательді салқындатпаса, онда үйкелетін детальдардың арасындағы май жанады, соның әсерінен детальдар тез тоза бастайды, поршеньдер қызу әсерінен ұлғайып майысуы және басқа да ақаулар пайда болуы мүмкін екендігін көрсетті. Сабақта барлық техникалық қауіпсіздік ережелер сақталды.
Студенттер берілген тапсырмаларды тындырымды орындай білді.
01.03.2023ж
Алғыс айту күніне орай 6-21 тобының “Ата-анаға мың алғыс” атты тәрбие сағаты
Топ жетекшісі Утепова Баян
01.03.2023ж
9-21 "Аспаз" тобы сіздерді "Алғыс айту" күнімен құттықтайды! Топ жетекшісі: Н. Айтенов
01.03.2023ж
1 Наурыз - алғыс айту күніне орай колледжіміздің студенттерінің атынан челлендж.
23.02.2023ж
Бүгін колледжімізде Түркістан станциясындағы желілік полиция бөлімі және қалалық әкімшіліктің ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ-мен бірлескен жоспарына сәйкес "Көліктегі қауіпсіздік" акциясы аясында студенттермен кездесу өткізілді. Жиналыс барысында Түркістан ст. ЖПБ бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі С.М. Мұқашев сөз сөйлеп Түркістан ст. ЖПБ ӘПб бастығы полиция майоры А.Б. Ешмаганбетов.Түркістан ст. ЖПБ ӘПб аға инспекторы полиция майоры С.Ж. Нұрлыбаев жастарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді, жастарымызға темір жол қауіпсіздігі туралы видеоролик көрсетіліп, буклеттер таратылды.
Акцияның мақсаты: темір жол көлігі нысандарында орын алатын жазатайым оқиғалардың алдын алу қайғылы жағдайларға жол бермеу, жол қауіпсіздік ережелерін насихаттау, темір жол қауіпсіздік ережелерін үйрету. Сондай-ақ жастарымыздың бойында сыбайлас жемөорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында қысқаша түсіндірме жұмыстары өтілді. Жастарымыз тарапынан қонақтарға сұрақтар қойылып қажетті мәліметтерді алды.
Көпсалалы индустриалды-техникалық колледж.
Электромонтер 3-20 тобы кәсіби практика уақыты
"Оқуға құштар колледж" жобасы аясында колледжімізде Мұқағали Мақатаевқа арналған "Ақын жыры - елінің жүрегінде" атты поэзия кеші өтті. Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу.Мұқағали Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, сезіндіру, шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндері көпшілік назарына ұсыну.
06.02.2023ж
Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінде 06.02.2023ж жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылық, суицидтік әрекеттерді болдырмау және алдын-алу бағытында колледж педагог психологы Ұ.Алхожаеваның ұйымдастыруымен "Жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу" тақырыбында психологиялық сабақ өткізілді. Колледж Әлеуметтік педагогы Ж.Сарсенбаева, Медбике Ә.Байбатшаева , студент қыздар , өндіріс шеберлері қатысты.
1. Ерте жүктілік деген не?
2. Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады?
3. Ерте жүктілік немен қауіпті?
4. АИТВ/ЖИТС туралы ақпарат
Осы сурақтарға толық мәліметтер беріліп, бейне ролик көрсетілді.
27.01.2023ж
Түркістан қаласы Көпсалалы индустриалды техникалық колледжінде 27.01.2023 күні «Буллинг: Қыздар арасындағы әлімжеттіктің алдын алу?» тақырыбында колледж психологы Алхожаева Ұлбосын Еркінқызы профилактикалық тренинг жүргізді. Жұмыстың негізгі мақсаты; Студенттердің психикалық саулығын қолдау мен эмоциялық күйреу синдромының алдын-алу үшін қолайлы жағдай жасау. Өзін-өзі реттеу тәсілдерімен таныстыру болды. Жұмыс жасау тәсілі ретінде терапиялық бағытта психологияда кеңінен қолданылатын "Қуаттану техникасы" арқылы топтық жұмыс жүргізілді. «Әлімжеттікке тап болсаң өзіңді қалай ұстау керек?» атты тақырыптағы видеороликті назарға ұсынды. Әлімжеттікпен күресу жолдары мен шаралары ескертілді. Тренинг соңында кері байланыс орнатылды. Студенттер тренингтен алған өз пікірлерімен, әсерлерімен бөлісті.
20.01.2023ж
Көпсалалы индустриалды техникалық колледжінің кітапханасында көркем сөздің хас шебері атанған Ғабиден Мұстафиннің 120 жылдығына арналған "Дала классигі" атты дөңгелек үстел өткізілді.Жазушы шығармаларының идеясын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу, шығармаларды нақышына келтіріп оқи отырып, негізгі түйінді таба білуге баулу, тіл байлықтарын шыңдау, өзін-өзі дамыту, оқу-танымдық, құзіреттіліктерін дамыта білу.
06.01.2023ж
Ұлтымыздың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай ,,Дәуірдің дара тұлғасы" атты әдеби кеш өтті. Қазақ елінің мақтанышына айналған заңғар жазушыны құрметтеуге ,студенттерді елін сүюге ,әдебиетті білуге тәрбиелеу. Кешегіні болашақпен байланыстырып, қаламгер мен бүгінгі ұрпақ арасындағы әдеби - рухани байланысты нығайту және М. Әуезовтің өмір жолы мен шығармашылығын , ғасырларға сын бермес мұраларын насихаттау.
22.12.2022ж
Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын - қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Осы орайда колледжіміздің 1-21 "Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы" тобы студенттерімен "Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым" атты тәрбие сағаты болып өтті. Мақсаты: студенттердің өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастырып, егеменді елімізді сақтауға, оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш - қуаты мол жастарды тәрбиелеу.
16.12.2022ж
Көпсалалы Индустриалды Техникалық Колледжі 9-21 "Аспаз" тобы барлықтарыңызды 16 желтоқсан тәуелсіздік күнімен құттықтайды!
16.12.2022ж
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 31жыл толуына орай Көпсалалы индустриалды- техникалық колледж жатақхана студенттерімен тәрбиеші Асанбаева Г.Б. «Тәуелсіздік деп соғады жүрегім» атты тәрбие сағатын ұйымдастырды
16.12.2022ж
Тәуелсіздік — тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Жиырма жылдан астам уақыт ішінде елдің әл—ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасадық. Тәуелсіздік—біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз.Осы орайда колледжіміздің 13-22 "Аспазшы" тобы студенттерімен "Тұғыры биік Тәуелсіздік" атты дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: Тәуелсіздік табалдырығында тұрған осы жан тебірентер сәтте қазақ елінің еркіндігі, бостандығы жолында бас тіккен азаматтардың, солардың қатарында бұл күнге жете алмай, туған Қазақстанның егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болғанын көре алмай өмірден өткен желтоқсан құрбандарының рухына тағзым етіп, еске алуды парыз санаймын! Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол.
16.12.2022ж
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күнінің 31 жылдығына орай колледжімізде, қоғамдық пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен, "Тәуелсіздік - ел бақытты" тақырыбында ашық тәрбие сағаты болып өтті. Тәрбие сағатын ҚР Мемлекеттік әнұранмен басталды.
Сабақта патриоттық өлеңдер оқылып, студенттер өз өнерлерін көрсетті. Қазақстанның тарихы айтылып, 16 желтоқсандағы қазақ жастарының ерлігін айта отырып, Тәуелсіздікке жол ашқандығын айтып өтті. Бұл сабақта студенттер еркін ойларымен бөлісті. Қазақстанның дамуына, болашағына не қосар едім, не істер едім деген сұрақтарға жауаптар берді.
16.12.2022ж
,Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күнінің 31 жылдығына орай колледжімізде, қоғамдық пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен, "Тәуелсіздік - ел бақытты" тақырыбында концерттік бағдарлама болып өтті. Салтанатты іс шарамыз колледжіміздің "Жас сарбаз" әскери-патриоттық клубының мүшелері
ҚР Мемлекеттік туын алып кіруі және Мемлекеттік әнұранмен басталды.
Алғашқы сөз кезегі колледжіміздің директоры А.Асановқа берілді, мекеме басшысы барша қызметкерлерді, студенттерді Тәуелсіздік күнімен құттықтап мерекелік концертімізді ашық деп жариялады және колледжіміздің бірнеше қызметкерлеріне кәсіподақ атынан алғыс хаттар мен сыйлықтарды табыстады.
Мерекелік концертте патриоттық өлеңдер шырқалып, "Желтоқсан құрбаны- Қ.Рысқұлбеков" көрінісі қойылып, бишілер өз өнерін көрсетті.
16.12.2022ж
,,Тәуелсіз елімнің ерлік жолы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Студенттерге париоттық тәрбие беру, отанды сүюге және қадірлей, құрметтей білуге баулу, Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету: достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
05.12.2022ж
ҚР Тәуелсіздігі қарсаңында Көпсалалы индустриалды-техникалық колледж жатақхана студенттері қазақтың ұлы ақыны, сазгер, философ, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы-Абай Құнанбаевтың құрметіне "Абай оқулары" атты жыр сайысын ұсынады.
28.11.2022ж
Көпсалалы индустриалды - техникалық колледж кітапханасында оқырмандарға арналған ,, Кітап достарын іздейді'' атты Буккроссинг жобасына шақырамыз. Онда кітапты оқуға алу немесе достарыңызға беруге болатын кітаптар орналасқан. Оқып болған кітабыңызды бізге алып келіңіз. Сіздің кітабыңыз жаңа оқырмандарын тауып, қызықты саяхат жасай бастайды.Bookcrossing - бұл қызықты оқитын кітаптар, сұхбаттасу үшін жаңа достар мен пікірлес адамдар табудың жақсы жолы және кез - келген оқырман өз үлесін қоса алады. ,,Кітап достарын іздейді" атты жобаға қатысуға барлық кітапсүйер оқырмандарды шақырамыз.
Колледжімізде "Қазақ халқының ұлттық дәстүрлері және ислам" тақырыбында жиналыс өтті. Іс шараға жастар ресурстық орталығынан теолог А.Сүлейменова, Дін мәселелер орталығының теолог маманы А.Дүйсен, Түркістан қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің маманы А.Марат, колледжіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә Көлбай, әлеуметтік педагог Ж Сарсенбаева қатысты. Іс шара барысында Асхат Дүйсен ислам дінінің қоғамда маңызды рөл атқаратындығын айтты дінді ұстана отырып,өзіміздің ұлттық дәстүрлерімізді, рухани құндылықтарымызды сақтауға тиісті екендігімізді айтты.Экстремизм мен терроризм қазіргі таңда бүкіл әлемді алаңдатып отырған өзекті мәселе.
Терроризм- бұл әртүрлі мемлекеттердің ұлттық ,бүкіл әлемдік қоғамдастықтың қауіпсіздігіне қатер төндірген күрделі,көп қырлы және аса жағымсыз саяси әлеуметтік құбылыс екендігі туралы ислам діні ұлттық және рулық алауыздықты зорлық зомбылықпен,өшпенділікті насихаттамайды және қолдамайтындығы туралы айтты. Келген қонақтарға студенттер тарапынан сұрақтар қойылып,өздеріне керекті жауаптарын алды. Студенттерімізге қажетті ақпарат беріліп,үгіт насихат жұмысы жүргізілді.#үкімет #жастаржәнедін #діниэкстремизм #саясат #қоғам #халық #біздіниэкстремизмгеқарсымыз
25.11.2022 ж жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша студенттеріміз Түркістан қаласы ҚІІБ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Қоңырбаев Дархан Смайылұлымен жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә.Көлбай ішкі тәртіп ережесі,жалпы студенттердің тәртібі,киім үлгісі және құқық бұзушылық туралы айтып өтті. Колледжіміздің АӘжТД жетекшісі Ниязбеков Асхат Нұрхатұлы "Білім беру ұйымдарында және олардың аумақтарында әкелуге тыйым салынған, оларды пайдалануы шектелген нәрселер мен заттар" тақырыбында баяндама оқыды. Сондай-ақ колледжімізге тағайындалған полиция инспекторы студенттерімізбен танысып, құқық бұзушылық алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
#жастар #құқықбұзушылық #Түркістан #рейд #полиция #жасөспірім
"Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен "Өнерлі ұстаз-2022" байқауы облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ұстаздары арасында 2022 жылы қазан айының 26 күні Түркістан қаласы "Ақжайық" музыка мектебінде өтті. Байқаудың мақсаты ұстаздардың тарихтанымдылығын, педагогикалық-психологиялық сауаттылығын, шығармашылық талантын анықтау. Байқау шарттары 3 кезеңнен тұрды. 1. Өзін -өзі таныстыру. 2. "Мен - қазіргі заман педагогымын". 3. Өнер кезеңі. Байқау қорытындысы бойынша байқау шарттарының талаптарын: көркем орындау деңгейі, мұғалімнің этикалық және эстетикалық мәдениетінің сақталуы, сахналық мәдениеті, тіл байлығы мен сөз шеберлігін жоғары деңгейде орындағаны үшін колледжіміздің дене тәрбиесі мұғалімі Сейітмұрат Сырым Әзімханұлы БАС ЖҮЛДЕ иегері атанды. Колледжіміздің жас ұстазын шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыратынына сеніміміз мол.
2022-2023 оқу жылының 1 қыркүйек - Білім күніне арналған салтанатты жиын болып өтті.Іс-шара барысында студенттер,ұстаздар және ата-аналар колледж ауласына сапқа тұрғызылып,ҚР-ның Мемлекеттік әнұраны орындалды.Колледж директоры Асанов А студенттерге жаңа оқу жылымен құттықтап,ұстаздарға еңбектері жемісті болсын деп сөз арнады, сондай-ақ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Изтлеуова У студенттерді құттықтап, сабақ кестесі бойынша қысқаша ақпарат берді.
Колледжіміздің студенттері әсем әндер орындады.
«Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында барлық топтарда тәрбие сағаттар өткізілді.
21.06.2022 ж колледжімізде "Кәсіби бағдар беру" аясында ашық есік күні өткізілді. Болашақ талапкерлеріміз ата-аналарымен келіп колледжіміздің мамандықтары бойынша жұмыс орындары,шеберханалары,оқу ғимараты,кітапхана,жатақханамен танысты. Сондай-ақ экскурсия барысында автомеханик құзыреттілігі бойынша демонстрациялық емтихан өтіп жатқан шеберханаға да барып көріп өтті.
Ашық есік күні болашақ талапкерлеріміз өз армандарына бір қадам жақындап, "оқуға түссем" деген мақсаттарын жүзеге асыру жолдарымен танысқандығын және маңызды мәліметтермен толыққанды ақпарат алғандарын айтып ыстық ықыласын білдірді.
Колледжіміздің ІІІ курс «Тігін өндіріс және киімдерді үлгілеу» мамандығы 3-19 тобының студенті Қалдыбек Алтынай қызымызды бір емес бірнеше марапатымен құттықтаймыз 27-30.04.2022 ж Тараз қаласында өткен Белбеу күресінен жас ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының Чемпионатында 75 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын,
05-08.05.2022 ж Талдықорған қаласында өткен Қазақ күресінен 2002-2004 ж.т. жастар (ұлдар мен қыздар) арасында Қазақстан Республикасы Чемпионатының 70 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын,
01-05.06.2022 ж Ақтөбе қаласында өткен Қазақ күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан Республикасы Чемпионатының 70 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын. Төбеде аталған чемпионаттардың барлығынан диплом және медальмен марапатталды. Шәкіртімізге зор денсаулық тілейміз және биіктен көрінуіне тілектеспіз.
Маусым
Колледжіміздің ІІ курс 1-20 тобы «Тігінші» мамандығының студенті Адилова Ұлболсын қызымыз 2022 жылы Ливан мемлекетінің астанасы Бейрут қаласында болып өткен Азия чемпионатында самбо күресінен 80 кг дәрежеде жүлделі 2-ші орын иегері атанды.Бұл тамаша жеңісті зор қуанышпен қабылдадық.Сен табандылық, жоғарғы спорттық шеберлік және қажымас кайрат танытып, осы халықаралық жарыста біздің еліміздің мерейін үстем ете білдің.Жаңа жеңістер мен табыстар тілейміз!
Түркістан облысының педагогтері топ жарды
Түркістанда алғаш рет Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері, қызметкерлері арасында республикалық спартакиада өтті. Аталған іс-шара 2022 жылғы 9-12 маусым аралығында өтіп, спорттың 4 түрінен (волейбол (ерлер, қыздар), футбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ) колледж педагогтері мен қызметкерлері өзара бақ сынасты. Басты мақсат- Жалпы білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, насихаттау. Жарыс түрлері арқылы спортқа деген қызығушылығын арттыру.Спартакиадаға еліміздің 16 өңірінен 384 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының мамандары қатысты. Атап өту қажет, бұл Спартакиада Республика бойынша алғашқы рет Түркі әлемінің рухани астанасы - Түркістан қаласында өткізілді.Жеңімпаздарға алтын, күміс, қола медальдары және жеңімпаз кубоктарымен қаржылай сыйлықтар табысталды.Спорттық жарыстың жалпы есептік қорытындысы бойынша Түркістан облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері 1-орынды иеленді. Екінші орынға Қызылорда облысының мамандары жайғасты. Ал үздік үштікті қарағандылық ұстаздар алды. Бұл айтулы шара енді дәстүрлі түрде өткізіледі. Келер жылы жаңадан құрылған Абай ауданында ұйымдастыру жоспарлануда.
Рәміздер күні
#меніңтуымменіңмақтанышым
#рәміздеркүні
02.06.2022
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен биыл тұңғыш рет колледж студенттері арасында Ұлттық спорт лигасы ұйымдастырылуда. Лига тоғызқұмалақ, волейбол, баскетбол, шағын футбол және үстел теннисі жарыстарын қамтиды.Республикалық колледж студенттерінің лигасы 25 мамырда елордада тоғызқұмалақ жарысынан басталды. Тоғызқұмалақтан республикалық жарыста Нұр-Сұлтан және Алматы қаласы, Алматы, Қарағанды, Түркістан, Ақмола , Маңғыстау, Павлодар, Ақтөбе, Қостанай облыстарының білім алушылары қатысып, бақтарын сынады. Спартакиадаға колледжіміздің дене шынықтыру пәні оқытушылары С.Қосдаулетов және Н.Байсеиттің жетекшілігімен студенттеріміз қатысып сертификат және алғыс хаттармен марапатталды. Жетекшілік еткен ұстаздарымызға және шәкірттеріне биіктен көрінуіне тілектеспіз.
31.05.2022
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының 24.11.2021 жылғы № 365 бұйрығына сәйкес биылғы оқу жылында облыстық колледж студенттері арасында «Балалар жылы - 2022», Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл толуына орай жастарды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, халқына адал қызмет етуге, халқының тарихын білуге тәрбиелеу мақсатында «Тұлпар мініп, ту алған!» атты өнер фестивалінің байқауы өткен болатын. Байқауға облыстағы білім беру ұйымдары мен колледж студенттерінен 100 жуық контингент қамтылып, он жанр бойынша талантты жастардың қабілеттері шыңдалды. Аталған іс-шарада әділқазылар 2- айға жуық студент жастардың құндылық бағдарларын қазақстандық қоғамның рухани-адамгершілік және мәдени дәстүрлері тұрғысынан қалыптастыру, талантты жастардың шығармашылық жұмысы, музыкалық өнердің түрлі жанрларында орындаушылық қабілеттері, сахна мен сөйлеу мәдениеттерін толық зерделеп, білім беру ұйымдарының жылдық тәрбие жұмысының нәтижесін саралап өткен болатын.
28.05.2022 жылы Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыка мектебінде гала концерт өтіп, іс-шараның қорытындысы жарияланды. Нәтижесінде облыстағы үздік өнер көрсеткен білім беру ұйымдары өз алдына марапатталса, ал колледждер арасында өткен қорытынды бойынша үздік шығармашылығымен Көпсалалы Индустриалды Техникалық Колледжі
І дәрежелі дипломмен марапатталды.
25.05.2022
Көпсалалы индустриалды- техникалық колледжінде 25 мамыр 2022ж ҚР да 05.06.2022ж өтетін Референдумға байланысты жиналыс болып өтті. Жиналыста колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә.Көлбай Референдумның маңыздылығы жөнінде ақпараттармен таныстырды. Жиналысқа колледж мұғалімдері мен өндіріс шеберлері қатысты. Қонақта 125 сайлау учаскасының комиссия мүшелері С. Бекмурзин, Г.Бейсеновалар болып Референдумға жауапкершілікпен қарап түсіндірме жұмыстарын жүргізу керектігін айтты.
17.05.2022
ЖЕҢІМПАЗ КӨПСАЛАЛЫ ИНДУСТИРАЛДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ!
Түркістан обылысы адами əлеуетті дамыту басқармасының ұйымдастыруымен, Түркістан көпсалалы жоғары техникалық қол өнер колледжінің базасында - Техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылар арасында Ұлттық спорт лигасының облыстық кезеңі өтті. Бəсекеге оқу орнымыздың білім алушылары барын салып, Тоғыз құмалақтан 1- ші орын алып, Республикалық ойындарға жолдама алды. Сондай ақ, Баскетболдан
3 - ші орын Кіші футболдан қыздар арасында
3 - ші орынды қанжығасына байлады. Барша спортшыларымызды құттықтай отырып, алдағы ойындарға жеңіс тілейміз!
7.05.2022
7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай ІІ курс бойынша 1-20 "тігінші" тобы топ жетекшісі Орынбасарова Салтанат "Ұранды ердің-ұрпағы қайсар" атты тақырыбында студенттерді Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, Отан сүйгіштік, ұлтжандылық, қасиеттерін дәріптеу. Отанын елін қорғай білуге тәрбиелеу мақсатында ашық тәрбие сағаты өтілді.
Елді жаудан қорғайды. Әскерлерім-айбыным!
Мықты болса әскерім,
Біз көрмейміз қайғы-мұң-дей келе Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз.
Колледжімізде 7- мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс шара өтті.
Алғашқы сөз колледж директоры А.Асановқа берілді, мекеме басшысы колледж қызметкерлерін құттықтап кәсіподақ ұйымы атынан алғыс хаттармен мараппатады.Сондай-ақ, іс-шара барысында әскери-патриоттық өлеңдер айтылып, баяндама оқылып,қоян-қолтық ұрыс тәсілдері көрсетілді.
Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, ел тыныштығын сақтауда әскери сарбаздарымыздың атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміз айбынды болсын!
Ел қорғаны — ер азаматтар қай салада болмасын еңбек етіп, ел алдындағы борыштарын өтеуде. Біздің оқу ордамыздың ер азаматтары базалық әскери білім беру жүйесінің ғылым саласында өз үлестерін қосып, жастарды тәрбиелеп, еліміздің дамуына қызмет етуде.
Қадірменді ардагерлерімізге, әскери сарбаздар мен офицерлер және барлық ер азаматтарымызға амандық, денсаулық тілейміз. Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын!
26.04.2022 жылғы Шымкент қаласының әкімі аппараты ғимаратында Көктемгі тауға шығу,серуендеу кезінде қауіпсіздік шаралары мен оқыс оқиғаларының алдын алу мақсатында Түркістан облысы әкімінің және Шымкент қаласы әкімінің орынбасарларының төрағалығымен Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директорларымен облыстық табиғи қорық мекеме басшыларының қатысуымен мәжіліс өтті.
Жоғарыда аталған мәжілістің шешіміне сәйкес Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының тапсыруымен 29.04.2022 жылы колледжіміздің мәжіліс залында барлық студенттерді қатыстыра отырып берілген ережеге сәйкес директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә.Көлбай нұсқаулық сағат өткізді.
Ә.Көлбай өз сөзінде студенттерімізге облысымыздағы болған белгілі оқиғаларды мысалға ала отырып серуендеу, тауға шығу кезінде нұсқаулықтағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды талап етті.
Отан дегеніміз – халық. Халық дегеніміз – адам. Адамзатты сүю – оған жақсылық жасау. Ендеше отаншылдық – сонау ерте заманнан қалыптасып келе жатқан қасиетті сезім.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің тапсырмасымен жастардың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, патриотизм, елін жерін сүйетін, саналы да адал азамат тәрбиелеу мақсатында "АДАЛДЫҚТЫҢ БАСТАУЫ- САНАЛЫ ҰРПАҚ" тақырыбында студент жастармен кездесу өткізіліп, бейнеролик көрсетілді.
13.04.2022ж " Жастардың репродуктивті денсаулығы" атты профилактикалық семинар
Көпсалалы индустриалды техникалық колледжінде 13.04.2022ж Жастардың өмірге деген құштарлығын арттыру, стресстің алдын алу және өзін-өзі бағалау мақсатында " Жастардың репродуктивті денсаулығы" атты профилактикалық семинар тренингі колледж педагог-психологы Ұ.Алхожаеваның ұймымдастыруымен өткізілді. Семинар тренингте Түркістан облысы "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің "Қоғамдық даму және психологиялық көмек көрсету" бөлімінің маманы Салибекова Ақерке Ермекова және Түркістан облысы " Облыстық ЖИТС -тің алдын алу және онымен күресу орталығы " МКҚК -нің профилактикалық жұмыстар бөлімінің маманы Кенжегулов Марат Ануарұлы қонақта болды.
"Қош келдің, әз Наурыз!"
Көпсалалы индустриалды техникалық колледжінде 31наурыз күні "Қош келдің, әз Наурыз!" колледж әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткізілді. Іс шараға қонақ ретінде Адами әлеуетті дамыту басқармасының тәрбие бөлімінің басшысы Маханбетов Жандос, Облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Шайдулла Жандос, Қосымша білім беру басқарма басшысы Бақытжан Ешенқұлов , Көркемдік жетекшісі Дінақ Құрманғазы, Бөлім басшылары Нигметова Клара, Досанова Тұрсынай. ҚР халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты құрмет орденінің иегері, әнші, сазгер Марат Илясов шақырылды. Іс шара Бекзат мөлтек ауданының бас имамы Марат Қажының құран оқуымен басталып, Колледж директоры Асанов Ахан Шакенұлы сөз сөйлеп іс шараны ашып берді. Ән айтылып, би биленді және театрландырылған қойылымдар қойылды. Қазақтың салт- дәстүрлері бойынша Құда күту, Тұсау кесер, Бастаңғы дәстүрлері колледж қызметкерлерінің қатысуымен көрсетіліп, концерттік бағдарламамен жалғасты. Қонақтардан қонақ кәде сұралып Марат Ильясов ән шашу жасады. Қонақтар өз ақ тілектерінде Іс шараның жоғары дарежеде ұйымдастырылғандығын айтып, алғыстарын білдірді.Ұлыстың Ұлы күні әрбір отбасына қуаныш, бақыт әкелсін! Ұлыс оң болсын!
24.03.2022 " Қайырымдылық -ізгі іс " атты қайырымдылық акциясы өткізілді.
Көпсалалы индустриалды техникалық колледжінде қамқоршылық кеңесі мүшелері, әлеуметтік педагог Ж. Сарсенбаеваның ұйымдастыруымен " Қайырымдылық -ізгі іс " атты қайырымдылық акциясы өткізілді. " Динара" киім дүкенінің иесі Қалыбекова Динара Дүйсенбайқызы демеушілік көрсетіп колледждегі әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 20 студентті сырт киіммен, басқада киімдермен қамтамасыз етті
14.03.2022 "
Білім алушыларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, көзқарасты қалыптастыру мақсатында "Таза сессия" аясында ашық сабақтар, кураторлық сағаттар өткізілді.
8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мереке
Жақсылықтың нышанындай,жаның сүйген адамның жып-жылы құшағындай, саф алтындай тазалығы мен сұлулығын беретін, жайма шуақ сәулелерін төгетін, көңілдерге қуаныштар егетін, имандылық пен пәк қыздардың мінезіндей ибалылық себетін көгілдір көктемнің алғашқы мерекесі, той атаулының қызығы мен берекесі – 8 НАУРЫЗ.
8 наурыз – ер азаматтардың назарынан тыс қалмайтын мерекелердің бірі. Осы күнді ақ шашты қариядан бастап жас жеткіншектерге дейін асыға күтеді. Бұл күн – отбасы берекесі мен ұйытқысы болып табылатын біздің аналарымыз, жарымыз, әпкелеріміз бен қыздарымызға жарқын көңіл мен жақсылық тілейтін күн болғандықтан Көпсалалы индустриалды техникалық колледжінің ер азаматтары ұжымдағы қыз келіншектерге мықты денсаулық, отбасылырына бақыт пен шаттық, береке, байлық тілей отырып, құттықтап, марапаттап, силықтарын табыс етті!
04.03.2022 "Ахмет -ұлт Ұстазы"
Түркістан облысы ТжКББ ұйымдарында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерей тойына арналған іс-шаралар жоспарына сай "Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінде" 4.03.2022 жылы қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы Г. Ерімбетованың ұйымдастыруымен "Ахмет -ұлт Ұстазы" тақырыбында танымдық форматта студенттер арасында топтық сайыс болып өтті. Сайыстың мақсаты: А. Байтұрсынұлының шығармашылынан білімдерін шыңдау, танымдық деңгейлерін дамыту. 4кезеңнен тұратын сайысқа "Зерттеушілер"," Алаш зиялылары", "Ағартушылар" және "Этнографтар" топтары қатысты. Сайыстың шарттары бойынша студенттер А. Байтұрсыновтың өлеңдерінен өлең-арнау, өмірі мен шығармашылығынан сахналық қойылымдар көрсету және сұрақ-жауап арқылы білімдерін, өнерлерін көрсетті. Әділқазылар алқасы әділ бағаларын бере отырып, сайыстың жеңімпазын еңкөп ұпайжинаған "Этнографтар" тобын жеңімпаз деп таныды. Барлық қатысушы топтар арнайы дипломдармен марапатталып, кәсіподақ ұйымы тарапынан бағалы силықтар тапсырылды.
24.02.2022
24.02.2022ж- 25.02.2022ж "Өмірде қиын жағдайда жүрген жасөспірімдердің әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу" мақсатында студенттерге "Көңіл күйді көтеру ойын жаттығуларын" және "Стесстік жағдайдағы мен" іс қимыл жаттығулары колледж педагог психологы Ұ.Алхожаеваның ұйымдастыруымен өткізілді. 1курс студенттері қамтылды. Колледждің әлеуметтік педагогы Ж.Сәрсенбаева, медбике А.Байбатшаева Студенттерге "Стресстік жағдайда өз өзіңді қолға алу" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді
11.02.2022
Көпсалалы индустриалды техникалық колледжінде 11.02.2022ж Колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә. Көлбаймен қамқоршылық кеңестің хатшысы Ж. Сарсенбаеваның ұйымдастыруымен "Қамқоршылық кеңес " отырысы өтті. Қамқоршылық кеңестің мақсаты: білім беру ұйымына қолдау көрсету, қаржылық қолдауды қамсыздандыруда, материалдық - техникалық базасының нығайуына септесу, сондай -ақ, оның қызметіне қоғамдық бақылау жүргізу. Жиналысқа қамқоршылық кеңестің төрайымы Қайқыбаева Шарбану, қамқоршылық кеңестің құрамындағы "Түркістан автосервис"ЖШС меңгерушісі Умиралиева Бақыт, жеке кәсіпкер Есенова Перизат, ата ана Шаяханова Сандуғаш, Мақұлбекова Гулдана, Түркістан ҚПД ҚПБ ЖПҚ ЮПБ учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты М.Заиров қатысты
16.02.2022ж
Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінде 16.02.2022ж "Қасіретті қаңтар оқиғасы және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу " тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналысқа 1курс студенттері қамтылды. Түркістан қаласы ҚІІБ ЖПҚ-ң ЮПИ-ның УПИ полиция лейтенанты Зайыров Мейірман студенттерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә.Көлбай, колледж инспекторы И.Ташметов, Педагог-психолог Ұ.Алхожаева, әлеуметтік педагог Ж.Сарсенбаевалар жиналысты ұйымдастырып студенттерге қажетті мағлұматтармен таныстырды.
11.01.2022ж
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңтардағы ҚР Парламенті Мәжілісі отырысы қорытындысы нәтижесінде берген тапсырмаларын Түркістан облысында ақпараттық сүйемелдеу бойынша медиа-жоспарына сәйкес колледжіміздің оқытушыларына мемлекет басшысының берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында ұжымдық жиын болып өтті.Бұл жиынға қалалық ақсақалдар алқасының мүшесі, медицина саласының ардагері Масалиев Кеңес және ҚР мәдениет қайраткері, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, актер, режиссер Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы, қосымша білім беруді дамыту орталығының көркемдік жетекшісі Дінақ Құрманғазы қатысып, өз ой пікірлерін ортаға салып, ҚР президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың ҚР Парламент мәжілісі отырысының қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларына қолдау білдіріп, ұжымды ынтымақпен бірлікке шақырды.#күшбірлікте.