Басты бет

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРС! Тәуелсіз мемлекеттер достастығының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің қолдауымен «Сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсымыз!» атты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнаманың кезекті жыл сайынғы халықаралық жастар байқауы өтіп жатыр. Байқауға 14 пен 35 жас аралығындағы жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы өз идеялары мен көзқарастарын, сондай-ақ оның рөлі мен осы бағыттағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсете отыра, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» тақырыбында конкурстық жұмыстар дайындауға шақырылады. Халықаралық конкурстың ережелері https://www.anticorruption.life/ ресми сайтында қолжетімді. Байқау аясында екі номинация - «Үздік постер» және «Үздік бейнеролик» бойынша жұмыстар 2023 жылдың 1 қазанына дейін қабылданады. Конкурстың қорытындысы 9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай шығарылады. Байқауға қатысуға Түркістан облысының барлық белсенді жастарын шақырамыз.

Колледжіміздің ІІІ курс «Арнайы тігінші» мамандығы 1-20 тобының студенті Адилова Ұлболсын қызымыз 2023 жылы Тараз қаласында өткен Самбо күресінен 2005-2006 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында 80 кг дәрежеде жүлделі 2-орын иегері атанды . Жоғарыда аталған чемпион қызымыз диплом және медальмен марапатталды. Шәкіртімізге зор денсаулық пен биіктен көрінуіне тілектеспіз. Алдағы уақыттада жаңа жеңістер мен табыстар тілейміз.

Түркістан қаласында 2023 жылдың 24 – 28 сәуір аралығында WORLDSKILLS Turkistan – 2023 облыстық кәсіби шеберлік чемпионатының облыстық кезеңі болып өтті. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында дәстүрге айналған кәсіби шеберлік чемпионатына облыстың әр өңірінен 33 құзыреттілік бойынша 214 қатысушы қатысып, олардың жұмысын бағалауға 214 сарапшы тартылды. Үш күнге созылған жарыс өз мәресіне жетті. Аталған чемпионатқа «Көпсалалы индустриалды – техникалық колледж» МКҚК 7 құзыреттілік бойынша 7 студент бақтарын сынап, 1 күміс, 2 қола орындарымен оралды. - «Аспаз ісі» құзыреттілігі бойынша Мараймов Мейрамбек. Жетекшісі: Турабаева Меруерт Ауелханқызы ІІ ОРЫН күміс медаль, - «Автокөлікті жөндеу және техникалық қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша Әлімхан Рамазан Батырханұлы. Жетекшісі: Турабаев Нурхан Ауелханович ІІІ ОРЫН қола медаль, - «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша Халжанов Динмухаммед Садуллаұлы. Жетекшісі: Шарятиллаев Бағлан Ермұханбетұлы ІІІ ОРЫН қола медальонымен марапатталды. - WORLDSKILLS Turkistan – 2023 облыстық кәсіби шеберлік чемпионатының облыстық кезеңінің ашылу салтанатында «Үздік инновациялық жоба-2023» көрме сайысынан колледжіміз ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. - WORLDSKILLS Turkistan – 2023 облыстық кәсіби шеберлік чемпионатының облыстық кезеңінің ашылу салтанатында «Сән технологиясы», «Сәндік қолөнер» ресурстық орталығы құзыреттілігі бойынша «Үздік сәнгер» байқауынан «Құрақтар сыры» топтамасы бойынша колледжіміз ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі арнайы пән оқытушысы Утепова Баян.

Колледжіміздің 3курс студенті Адилова Ұлбосын 15-18 наурыз аралығында Қарағанды қаласында өткен Жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасы чемпионатында 80кг салмақта дәрежесінде жүлделі 1орын.Спорттық самбодан 80 кг салмақ дәрежесінде жүлделі 3 орын жеңіп алып колледжіміздің қаламыздың мерейін үстем етті.. Ұлбосынды жеңісімен шын жүректен құттықтап алдағы уақытта биік шыңдарды бағындыруына тілектеспіз!

«Кәсіби құзыреттілікке жетудің жолы-педагогикалық шеберлік» тақырыбында қысқы педагогикалық оқу

2023 жылы 17-18 қаңтар күндері «Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінде» әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сай «Кәсіби құзыреттілікке жетудің жолы-педагогикалық шеберлік» тақырыбында қысқы педагогикалық оқулар өтті. Педагогикалық оқулардың мақсаты - колледждің педагог қызметкерлерінің педагогикалық шеберліктерін көтеру, оқытудағы озық инновациялық-педагогикалық тәжірибелерді жинақтап, кеңінен тарату. Педагогикалық оқулар барысында қатысушы педагогтер өздерінің оқытудағы жаңа инновациялық технологияларды қолданып, шығармашылық ізденістерінің нәтижелерімен, жаңа идеяларымен тәжірибе алмасты. Пәндік бірлестіктерден барлығы 12 баяндама келіп түсті. Жоғары дәрежеде орындалған баяндамалар, слайд-презентациялар мазмұны тартымды болып, колледж педагог қызметкерлерінің қызығушылығын арттыра түсті. Арнайы құрылған комиссия мүшелері баяндама мазмұнын «Педагогикалық оқулар» Ережесіне сүйене отырып сарапқа салды. Екі күнге созылған педагогикалық оқулардың нәтижесінің қорытындысы бойынша «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының арнайы пән оқытушысы Абдуахит Бауыржанның «Worldskills» стандарттарының негізінде демонстрациялық емтихан өткізу алгоритмі» тақырыбындағы және информатика пәні оқытушысы Тоильбаева Нурмираның ««3D панорама және виртуалды тур» тақырыбындағы баяндамалары үздік танылып 1 дәрежелі дипломдармен марапатталды. Жүлделі 2 орынды арнайы пән оқытушысы Абдиев Дәулет еншілесе, 3-ші орындарды ағылшын тілі пәні оқытушысы Айтенов Нұрлан мен «Аспаз» мамандығының арнайы пән оқытушысы Омарова Балжан иеленді. Барлық қатысушыларға да сертификаттар табысталды.

Кіші футболдан облыстық жарыс өтті

Шымкент қаласында 20шы - желтоқсан күні Индустриалды-техникалық колледжінің 80 жылдық мерей тойына арналған техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің қызметкерлері арасында өткен кіші футболдан облыстық жарыста колледжіміздің мерейі үстем болып 1 орынды жеңіп алды.

Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы Көпсалалы индустриалды техникалық колледжінде «Жұмыс берушілер күні» іс-шарасы өтті

Іс- шараның бағдарламасына сәйкес білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.Атап айтқанда академиялық дербестік, дуалдық оқыту, шефтік қамқорлық, педагогтердің тағлымдамадан өтуі, жұмыс берушілермен келісімдер және бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Колледждің әдістемелік кабинетінде өткізілген іс-шараға Түркістан қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Шыңғысбаев Еркебулан, Түркістан облысы Кәсіпкерлік палатасы адами капиталды дамыту бөлімінің 1-ші санаттағы сарапшысы Касимова Наргиза Талхатовна, ЖК «А.П.Умиралиева» автосервис менеджері Оразалиева Бахыткул Жанабаевна, ЖК «Яссауи» кафесі бас менеджері Tошбобаев Нурбек, ЖШС «Оңтүстік Жарық Транзит» Түркістан аудандық электр желілерінің инженері Тажикова Каламкас Батырхановна, ТОО «Ныш-Ер» инженері Мақашов Ержан, «Перизат» ЖК Бейсенова Перизат, ЖК «Халыбаев Ж М » жетекші шебер Сиябек Алтынбек, АҚ «Интер Газ» Центральная Азия Мастер (шебер) Шернияз Нұржау Бименғазыұлы, ЖШС «АҚ-Жол» компаниясының техника қауіпсіздігінің маманы Омралиев Мурат, ИП «Element» – сервис орталығының жүйе админстраторы Алимбеков Русланбек Раушанович және колледждің әкімшілігі, бітіруші топ студенттері, оқытушылармен өндіріс шеберлері қатысты. Кәсіпкерлік палатасы адами капиталды дамыту бөлімінің 1-ші санаттағы сарапшысы Касимова Наргиза Талхатовна, Түркістан қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы Шыңғысбаев Еркебулан және басқада жұмыс берушілер өз пікірлерімен бөлісті. Дөңгелек үстелде қаралған мәселелер: мамандар даярлаудағы жаңа озық технологияларды пайдалану, студенттердің практика кезеңінде еңбекті қорғау, жұмыс уақытының сақталуы (6 академиялық сағаттан артық емес), еңбекақы төлеу, бітіруші түлектерді еңбек өтілінсіз жұмысқа қабылдау, жалақы мәселесін келісе шешу, өндіріске келген жаңа техникаларды және оларды пайдалану тәсілдерін колледждің оқытушыларымен өндірістік оқыту шеберлеріне оқытып үйрету яғни өндіріс орнынан тағылымдамадан өтуі туралы талқыланды. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде ЖК «Яссауи» кафесі аспаз мамандығына -1 орын , кондитер мамандығына -1 орын; ЖК «А.П.Умиралиева» автосервисі автослесарь мамандығына – 1 орын, автоэлектрик мамандығына – 1 орын; ЖК «Халыбаев Ж М » құрылыс шебері мамндығына - 2 жұмыс орындары ұсынылды. Нәтижесінде 2022 жылы бітірген колледж 6 түлегін жұмысқа қабылдау туралы келісім-шарттар рәсімделді. «Жұмыс беруші күні» іс-шарасының қорытынды бөлімінде жұмыс берушілерді Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі А. Аймағамбетовтың, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Д. Болатханұлының, Көпсалалы индустриалды – техникалық колледжі директоры А. Асановтың Алғыс хаттарымен марапатталды.

«Педагогикалық идеялар панорамасы»

«Педагогикалық идеялар панорамасы» мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдары үшін бейне-сабақтар мен бейне дәрістердің жыл сайынғы Республикалық байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі ағымдағы жылдың 11 қарашасында Шымкент қаласында өтті. «Өрлеу Шымкент» филиалының директоры Лаура Искакова мен директордың орынбасары Мұхтар Ахтаев байқау жеңімпаздарын құттықтап, бұл байқаудың Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен «Өрлеу»БАҰО АҚ бастамасымен ұйымдастырылғанын атап өтті. Байқаудың негізгі мақсаты-біріңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттілектерін арттыру. Байқауға барлығы 500 –ден астам өтінім келіп түскен. Жұмыстар байқау талаптарына сәйкес өңірлік сараптау комиссиясымен бағаланды. Осы байқауға «Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінен» 10 педагогымыз байқаудың бірнеше бағыты бойынша қатысты. Байқау қорытындысы бойынша химия пәні оқытушысы Жұмабекова Меруерт 1-ші орын, химия пәні оқытушысы Қосманбетова Динара 3-орын, физика пәні оқытушысы Аубакирова Ақшолпан 3-ші орын және арнайы пән оқытушысы Сулешова Назира 3-ші орындарға ие болды. Сонымен қатар 6 педагогымызға: Бақбергенова С, Аяшов Қ, Көшбай Б, Буранбаева А, Абдуахит Б, Алибекова М, өңірлік кезеңге қатысқаны үшін сертификаттар берілді. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз! Байқаудың Республикалық кезеңіне өткен Жұмабекова Меруертке сәттілік тілейміз!

16.11.2022

«Жас маман» жобасына енген колледждердің базасында ресурстық құзыреттілік орталықтар құру туралы Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының 14.11.2022 жылғы №357 бұйрығына сай «Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжі базасында «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша құзіреттілік орталығының салттанатты ашылу рәсімі болып өтті. Құзыреттілік ресурстық орталық қызметінің мақсаттары: «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету,жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша бәсекеге қабілетті мамандар даярлау, Worldskills Кazakhstan чемпионаттарына қатысу үшін аймақтық команда мен Қазақстан құрамасына бәсекеге қабілетті қатысушыларды даярлау , инфрақұрылымын қалыптастыру, білім беру ұйымдарының өндірістік білім беру оқытушылары мен шеберлері қатарынан сарапшылар қауымдастығын қалыптастыру. Орталықтың дәстүрлі лентасын қию құрметі колледж директорының орынбасары У.Изтлеуова мен Түркістан облысы Кәсіпкерлік палатасы адами капиталды дамыту бөлімінің 1-ші санаттағы сарапшысы Касимова Наргиза Талхатовнаға жолданып, құзыреттілік орталықтың дамуына өздерінің ақ тілектерін айтты. Білім ордасына келген жұмыс берушілер оқу шеберханаларына экскурсия жасап, жұмыс барысымен жіті танысты.

Cпартакиада

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары мен қызметкерлері арасында 25 қазан - Республика күніне орай облыстық спартакиада ұйымдастырылды. «Түркістан жоғары көпсалалы аграрлық колледжі» МКҚК және «Түркістан индустриалды-құрылыс колледжі» базасында өткізілген спартакиадада колледж қызметкерлері спорттың кіші футбол, ерлер және әйелдер волейболы, үстел теннисі түрлері бойынша сайысқа түсті. Екі күнге созылған спартакиада қорытындысы бойынша Көпсалалы индустриалды техникалық колледжі МКҚК қызметкерлері спартакиадаға белсенді қатысып, волейболдан әйелдер командасы өте тартысты ойында жүлделі ІІ -орын иеленді. Сонымен қатар, үстүл теннисінен командалық есепте lV-орынға тұрақтады ... Алдағы уақытта комадамызды жоғары орындардан көреміз деп сеніммен айта аламыз...

"WorldSkills қозғалысына студенттердің қатысуы(жетістіктері)

Материалдық база

Бөлінетін білім беру тапсырмасы

Дуалды оқыту бағдарламасы

Оқу кабинеттері мен өндірістік шеберхана

Шәкіртақы көлемі

Тігіншілер апталығы "Дефиле"

Колледжімізде 02.03.2020-07.03.20жж аралығында тігіншілер бірлестігінің апталығы аталып өтілді.

Тігіншілер ашық сабақтар, сыныптан тыс ашық сабақтар, өздері тіккен киімдерін көрсету мақсатында дефиле шоу ұйымдастырылды.

Автомеханик бірлестігі арнайы пән мен өндіріс шебері бірлесе өткізілген "Қос иінді бұлғапты механизмнің бөлшектері және оның ақаулары" тақырыбындағы интеграциялық ашық сабақ

Арнайы пән оқытушысы: Абдуахит Бауыржан; Оқу -өндіріс шебері Абдиев Даулет 2-18 тобы