Басты бет

Колледжіміздегі "Наурыз" мерекесі

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесіне арналған "Қош келдің - әз Наурыз!" атты онкүндік мерекелік іс-шаралар жоспары сәйкес "Наурыз - татулықтың түпқазығы" тақырыбы аясында "Қыздар сұлу көрінер ақылымен" тақырыбында қыздар арасында тарих, әдет-ғұрып, салт-дәстүр бағыттары бойынша зияткерлік сайысы өтті.Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке, тәрбиелеу.

Тақырыбы: Салтым-асыл қазынам Тобы: 9-22 Автоэлектрик Топ жетекшісі: Ержан Жакипов

Оқушыларды халқымыздың рухани байлығын игеруге, ұлттық озық дәстүрден үлгі алуға баулу, халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт - дәстүрлерін дәріптеу.Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының "Қош келдің - әз Наурыз" он күндік мерекелік іс- шараларының Жоспар тапсырмасына сайкес Түркістан қаласы Көпсалалы индустриалды техникалық колледжінде 15.03.2023ж "Наурыз - тарту" ұлттық тағамдар байқауы ұйымдастырылып өткізілді.

Оқушыларды халқымыздың рухани байлығын игеруге, ұлттық озық дәстүрден үлгі алуға баулу, халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт - дәстүрлерін дәріптеу.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Ұлыстың Ұлы күні- Наурыз мерекесіне арналған "Қош келдің -әз Наурыз!"атты он күндік мерекелік іс-шаралар жоспарына сәйкес"Наурыз-саулықтың кепілі"тақырыбы аясында "Ұлы дала ойындары"тақырыбында студенттер арасында әдет-ғұрып, салт-дәстүр, тарихпен байланыстыра отырып іс-шара ұйымдастырылды.Мақсаты: Студенттер мен жасөспірімдерді ұлттық ойындарды дәріптей отыра салауатты өмірге шақыру және қазақ халқының салт-дәстүрлері мен тығыз байланыстыра тәрбиелеу.

Түркістан облысының білім беру мекемелерінде өткізілетін «Қош келдің-әз Наурыз» онкүндік іс-шаралар жоспары бойынша, Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесіне орай 14-22 «Аспаз» тобында «Салтым-асыл қазынам» тақырыбында тәрбие сағаты өтілді. Тәрбие сағатының мақсаты Ұлттық дәстүріміз бойынша өтетін Наурыз мерекесінің ерекшелігін, табиғат пен адамның байланысын, салт-дәстүрін, өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.Қазақтың әдет-ғұрпын, тіліміз бен дінімізді құрметтеуге, имандылыққа тәрбиелеу. Студенттерге Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесі туралы толық мағұлмат беріліп, халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын уйрете отырып, Наурыз мерекесі, Қазақтың ұлттық мейрамы екенін түсіндірілді. Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата - бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Ақ мол болсын! Жаңа жыл бақ- береке, молшылық әкелсін!

Ұлыстың Ұлы күні Көпсалалы индустриялды-техникалық колледжі Наурыз тойын тойлады. Колледж директоры Асанов Ахан Шәкенұлы "Жер-дүние жанданған шуақты көктем игі істер мең шығармашылыққа толсын"- деп мерекелік жиынды ашып берді. Ән мен биден шашу шашылған мерекеде Түркістан қалалық Білім басқармасынан қонақтарымыз келіп, ізгі тілектерін білдірді. Қонақжай колледждің дастарханы кеңінен жайылып, ыдыстары аққа толды. Ел қазаны ортаймай, биыл да ас мол болсын деген ниетпен қыз-келіншектер наурыз көжені ерекше етіп əзірледі. Жақсылық пен мейірімділіктің нышанына айналған мерекеде "Тұсау кесу" дəстүрі ұлықталып, ұлттық ойындар ойнатылды.Ұлысқа мерей, туысқа мейірім сыйлайтын татулық мерекесін Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжі осылайша бір отбасыдай қарсы алды. #Наурызқұттыболсын #Ұлыстыңұлыкүні

Тақырыбы: "Салтым-асыл қазынам" Топ жетекшісі: Айтенов Н. Тобы: 9-21

Колледжімізде жыл сайын Ұлыстың ұлы күні "Наурыз" мерекесі аталып өтіледі.

Дастархан жайылып, ауыл ақсақалдарын, ардагер ұстаздарды шақырып, құран оқытылады.

Жастарға арналып ойын алаңында "Алтыбақан" орнатылады.