Басты бет

Гуманитарлық пәндер бірлестігі

Көпсалалы индустриалды техникалық колледжінде Наурыз айының 13-17 аралығында Гуманитарлық пәндер бірлестігінің апталығы аталып өтілді. Апталықтың тақырыбы: «Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу-ұлт жанды ұрпақ тәрбиелеу» Мақсаты:Отанын сүюге, ұлттық құндылықтарын: тіл тазалығын сақтауға, салт-дәстүрлерді құрметтеуге, өз ұлтының ұлттық ерекшеліктерін тануға баулу. Апталықтың ашылу салтанаты өте жоғары деңгейде өтті. Қазақ ұлтының салт-дәстүрлерімен қоса ұлттық құндылықтарынан көрме ұйымдастырылды. Сонымен қоса Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыз қарсаңына орай таңғы сапта наурыз көже тарқатылды. Ағылшын тілі, орыс тілі және қазақ тілдерінен ашық сабақтар, шебер сыныптар, кештер өткізілді.

«Барлығы да, Поэзия, сен үшін»,–деп əдебиет патшалығының ғажайып ханзадасы һəм бірегей сардары ретінде салтанат құрған Мұқағалидың құдіретті өлеңдері халқының жүрегінде.Ақын туған күні қай жерде болмасын жыл сайын ақырған ақпан айында тойлана беретіні хақ.Бұл – жұмыр жер мен дөңгелек уақыт көрсеткішінің белгісі. Еске алу немесе поэзия кеші емес, құдды бекітіліп берілген атаулы мереке санатына қосылғандай, жылдағы қайталанар үрдіс пен дәстүрге айналғалы қашан!? Біздің колледждімізде де осы айтулы күн "Гуманитарлық пәндер" бірлестігінің ұйымдастырумен"Әр өлеңі-бір әлем"атты "Екі жұлдыз" ән сайыс байқауы өтті. Байқауға колледжіміздің ұлағатты ұстаздарымен бірге студенттері қатысты.Байқау жоғары деңгейде өтті. Жүлделі орындармен марапаттаулар табысталды.

Апталықтағы іс шаралар

"Әдеп және әдет" атты бетпе-бет алаңшасы

Гуманитарлық пәндер апталығында өтілген іс-шаралар

Көпсалалы индустриалды - техникалық колледжі, гуманитарлық пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен, Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай, "Ахмет-ұлт ұстазы" атты эссе байқауы өтті. Студенттер I,II,III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Студенттер өз жұмыстарында Ахмет Байтұрсыновтың қазақ әдебиетіндегі орнын, оның ағартушылық және мұғалімдік қызметі туралы жазды.