"Салауатты өмір-салты"

Басты бет

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2021 жылдың 28 қыркүйек күні Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінде "Салауатты өмір-салты"және"COVID- 19" инфекциясының қалай таралатыны және вирустан қорғану шараларына жалпы түсінік беру үшін Түркістан қаласынның "Ақзере"емханасының дәрігерлері Э.Мамек және Н.Есентаев баяндамаларын оқып, студенттерге толық ақпарат берді.Қазіргі таңда бүкіл әлем болып күресіп жатқан індеттен барлығымыз сабыр сақтап,гигиеналық талаптарды орындап,дене белсенділігін арттыру мақсатында салауатты өмір салтын ұстану бұл пандемиядан қорғанудың бірден бір амалы екеніне тоқталып өтті. Коронавирус инфекциясына ұқсас симптомдар болған жағдайда: Жіті респираторлық инфекциясының симптомдары пайда болған немесе жаңа коронавирустық пневмонияға күдік туған кезде медициналық мекемелерге бару қажет,ауыр нысаны болған жағдайда-шұғыл түрде үйге көмекті шақырту кажет екендігі айтылып өтті.