Басты бет

Автомеханик бірлестігі

Такырып: Қозғалтқышты бөлшектеу және жинау Автомеханик 8-20тобы Оқу-өндіріс шебері: Турабаев Нұрхан

«Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» құзыреттілігі. Арнайы пән оқытушысы: Абдуахит Бауыржан Қайратұлы «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» құзыреттілігі бойынша «Қозғалтқыштардың жіктелуі» тақырыбында 4-21 «Автомобиль жөндеу слесарі» тобында ашық сабақ өтті. Мақсаты, міндеттер: Студенттерді кәсіби біліктілікті, жауапкершілікті, ұқыптылықты, өздігінен шешім қабылдай білуге және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Қозғалтқыштардың жіктелуі теориялық тақырыбы арқылы алған білімдерін іс тәжірибемен ұштастыра отырып тақырыпты меңгерту.

Көпсалалы индустриалды техникалық колледжі «Автомеханик» әдістемелік бірлестігінің «Үздік автомеханик-2023» атты білім сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа автомеханик, автоэлектрик, мамандығының болашақ маман иелері ортаға шықты. 1. 4-21 тобы: Әлімхан Рамазан, Сайпиддинов Бахрам 2. 5-21 тобы: Ахмед Әзіретәлі, Розметов Дияр 3. 8-20 тобы: Шалабай Нұрсұлтан, Өмірзақ Бақытжан 4. 5-21 (2 курс) тобы: Толғанбек Жақсылық, Несіпбек Ерасыл Сайыс барысында студенттер стартерді бөлшектеп қайта жинады. Тәжірибелік жұмыс ZOOM арқылы LED экраннан тікелей көрсетілді. Студенттер мамандыққа деген қызығушылығын арттырып, қызықтыру арқылы білімдерін тереңдетті. Сайысқа қатысушылар 2023 жылдың атаулы күндеріне түскен ақындардың өмірбаяны немесе өлеңінен үзінді айтты. 2023 жыл «Орыс тілі» жылы болып бекітілді. «Автомеханик» ӘБ орыс тілі жылына арналған «Гимн Автомехаников» әнін орындады. Ж. Аймауытов айтқандай «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нəрсе», - дей келе, Егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектестігімізді білдіреміз!

Алғыс айту күні –Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған,еліміздің тарихына құрмет көрсетіп,барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын, азаматтардың бір-біріне құрмет білдіретін күні. Көктемнің алғашқы мерекесі болып табылатын атаулы күн-мейірімділіктің , бүкіл Қазақстандықтардың бір –біріне деген достығы мен махабатының жарқын симболы. Бұл мереке бізді жақындастырып, бірлігімізді нығайта түссін! 1наурыз - Алғыс айту күніне орай «Автомехник» бірлестігінің апталық жоспарына сәйкес ұйымдастырылған "Алғысым шексіз"тақырыбында мерекелік іс -шара өткізілді. Іс -шараны оқу өндіріс шебері Сейсенова Ақмарал мен арнайы пән оқытушысы Қазыбаева Гүлмира ұйымдастырды. Іс -шара жоғары деңгейде өтті.

Worldskills талабымен өтілетін демонстрациялық емтихан

Worldskills талабымен өтілетін демонстрациялық емтихан ережесімен, жұмыс орындарымен таныстыру кезінде.

Жылдың ең үздік механигі-2019

"Ауған соғысы" ашық тәрбие сағаты 2-18 "Автоэлектрик тобы"

"World Skills" аймақтық жарысына дайындық

Worldskills талабымен өтілетін демонстрациялық емтихан

Worldskills талабымен өтілетін демонстрациялық емтихан ережесімен, жұмыс орындарымен таныстыру кезінде.