Ғылым және технологиялар

Басты бет

21.04.2021 жылы Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының "Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінде " Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған "Nur Otan" партиясының іс- шаралар жоспарын іске асыру мақсатында "Ғылым және технологиялар" тақырыбында колледж оқытушылары (17 оқытушы) мен студенттердің қатысуымен (42 студент) онлайн конференция болып өтті. Конференция бағдарламасына сай колледж директорының орынбасары А. Ниязбеков "Ғылым және технологиялар" тақырыбында баяндама жасап, отандық ғылымның қазіргі жағдайы мен дамуына тоқталып өтті. Сонымен қатар, колледж студенттерінің ғылыми шығармашылық бағытта ізденістерінне баға беріп, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеді деді. Конференция бағдарламасына бойынша 3-курс студенті Сапаралиев Бекарыс "Үш дөңгелекті электровелосипед" тақырыбындағы ғылыми шығармашылық жұмысымен таныстырып, оның қолданыстағы тиімді, пайдалы тұстарын сипаттап сәтті қорғап шықты. Конференция өз жұмысын колледж жастарын ғылымға деген қызығушылығын арттырып, ғалым беделін барынша насихаттауды жүзеге асыру керек деп қорытындылады