Басты бет

Тәрбие бөлімі

Колледждегі өтілетін іс шаралар

Тәрбие бөлімі ұйымдастырылған өтілген іс-шаралар

Құрметті ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Сіздерді ең ізгі тілектеріңіздің орындалуын,сондай-ақ отбасыларыңызда әрқашан бибітшілік,келісім,қуаныш пен жайлылық болсын! Есіңізде болсын,сізсіз бұл әлем әлдеқайда нашар болады,өйткені адамзатқа одан әрі дамуға үміт беретін мұғалімдер! #Біртұтас_тәрбие

Бүгін-Халықаралық қарттар күні. Бұл мереке елімізде жыл сайын аталып өтіледі. Және осының аясында қарттарға құрмет көрсетіліп, түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылады. Осы орайда бұл мереке колледжіміздің ерікті студенттерімен қарттарға құрмет көрсету акциясымен жалғасын тапты. Акцияны ұйымдастырудағы негізгі мақсатымыз үлкенді сыйлай білуге, үлкендердің батасын алып, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу. Құрметті асыл қазыналарымыз, сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Қазақ «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» дейді. Қарияларымызды құрметтеп, ардақтау – біз үшін парыз. Ақыл-кеңестің, үлгі-өнегенің сарқылмас кенішіндей болған қарттарымыз сіздер, аман-есен жүргейсіздер! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілейміз!

Колледжімізде Түркістан ҚПБ-ның ұйымдастыруымен кәмелетке толмағандар арасындағы *құқықбұзушылықтардың алдын алу* бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейтуге бағытталған студенттер арасында жиналыс өткізілді. Жиналысымызға Түркістан қалалық полиция басқармасының бастығы Бауыржан Даулетханұлы, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сарсенбаев және де қалалық мәслихат депутаттары Жанбота Тағайбаев, Жандос Арыстанов сонымен қатар “Оян қазақ!” киносының басты рөлін сомдаған актер Бахыт Хаджибаев, “Мен жастарға сенемін” киносының актері Мейірғат Амангелдин және Түркістан ҚПБ ЖПҚ ЮПТ УП инспекторлары қатысты. Жиналысты колледжіміздің директоры Айдос Кенжеханұлы жүргізіп отырды. Жиналыс барысында қаладағы қоғамдық тәртіптің жай-күйі бойынша бейнероликтер көрсетіліп, қала бойынша құқықбұзушылықтың алдын алу туралы толық мағлұматтар беріліп, заңды білмеу - жауапкершіліктен құтқармайтынын жеткізді. Жастарды білімге құштар болуға, спортпен шұғылдануға, руханият орталығының мәртебесіне лайықты, өнегелі жастар болуға шақырды. #Біртұтас_тәрбие

Жатақхана студенттерінің “Керуен-сарай” көпфункционалды туристік кешеніне саяхаты. 25.09.23ж

Колледжімізде "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында "Кітапхана-табыс мекені" атты ашық есік күні өтілді. Іс-шараның мақсаты 2023-2024 оқу жылында қабылданған студенттерге кітап оқуды насихаттау, олардың оқуға деген қызығушылығын арттыру. Білім алушылар кітапханаға саяхат жасау барысында, кітапхана қорындағы кітаптармен танысып, қажетті ақпараттар алды. Іс-шараның соңы оқырман формулярын толтырумен аяқталды.

Колледжімізде 26 қыркүйек еңбек күніне арналған “ЕҢБЕК МЕРЕКЕСІ - ЕЛДІҢ БЕРЕКЕСІ” атты мерекелік кездесу іс-шарасы өтті. Кездесу ұйымдастырудағы негізгі мақсатымыз еңбегінің зейнетін көріп отырған ардақты ұстаздарымызды арнайы қонақ ретінде шақырып бүгінде өсіп келе жатқан жас буынмен жолықтыру, сырласу кешін жасап, еңбекті дәріптеу арқылы студенттеріміздің бойында еңбексүйгіштіктің дәнін себу. Мерекелік бағдарламаға келген қонақтарымыз: ▫️Колледжімізде арнайы пән оқытушысы болып қызмет атқарған сонымен қатар, директордың орынбасары, кәсіподақ ұйымының төрағасы қызметінде болып 40 жылдан астам уақытын колледжіміздің өркендеу жолында жұмсаған, біршама кітаптардың авторы, Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері *Қоспанбетов Нұрғали Байсеитұлы* ағайымыз. ▫️Колледжімізде 40жылға тарта уақыт еңбек еткен, кәсіптік білім саласының дамуына өзіндік үлесін қосқан ардагер ұстаз *Шулакова Зылиха* апайымыз. Бүгінгі айтулы мерекеде ұлы тұлғаларымыздың жыр шумақтары оқылып, ән жырлары айтылып, мың бұрылған биші қыздарымыз өнерлерін көрсетті. Қорытындылай келе еңбек ұжымының әр мүшесін елдің өркендеуі жолында еселі еңбек атқаруға шақырамыз!

Жастар комитетінің ұйымдастыруымен 18 қыркүйек күні Студенттік парламент мүшелерін тағайындады. Студенттік кеңес-студенттердің оқуын,тұрмысын,бос уақытын пайдалы ұйымдастыруға олардың қоғамдық белсенділігін арттыруға,студенттік бастамаларды қолдауға қатысты өзекті сұрақтарды шешу бойынша бастамашыл,өзіндік,қоғамдық қызметінің ерекше үлгісі ретінде үздіксіз жұмыс жасайтын белсенді жастар тобы құрылды. Төрехан Нұрбақ. Студенттік Парламенттің президенті. Сембек Нұрсұлтан. Тәртіп және құқық фракциясының жетекшісі. Каримжан Аяулым. Мәдениет және өнер фракциясының жетекшісі. Тәңірберді Жангүл. Ақпарат фракциясының жетекшісі. Әбсемет Әділет. Спорт және салауатты өмір фракциясының жетекшісі. Өтеген Дияна Тазалық фракциясының жетекшісі. Қатысқан жастарға алғысымыз шексіз. Колледждің туын биіктететін жастарымыз көп болғай!

КИТК “БІР ҮЙДІҢ БАЛАСЫНДАЙ” жатақхана студенттерімен танысу кеші. 20.09.2023ж #Біртұтас_тәрбие

Президент жолдауы талқыланды 🔰 Түркістан қаласы, Ішкі саясат бөлімі,Түркістан қаласы Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжімен бірлесе отырып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты жолдауы бойынша оқытушылар және студент жастырмен кездесу өткізді. Кездесуге қалалық жастар орталығынан арнайы келген Тургунова Дариға,колледжіміздің тарих пәнінің оқытушысы Сүлейменов Мұхит пен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының қатысумен өткен бұл бас қосуда студенттер мен мұғалімдер Жолдауыды талқылап,өз сұрақтарын қойды. 🔰Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты жолдауында елімізді дамытуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық басым бағыттар жайында айқындалғаны оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі, туризм, ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы, жасыл экономика, цифрландыру және басқа да салаларға қатысты атқарылатын жұмыстар нақты айтылды.

13 қыркүйек күні жатақхана студенттерін кешкі уақыттарын тиімді өткізу мақсатында жатақхана тәрбиесіші Гүлмира Бекқасымқызы және жатақхана студенттері бастаған топ Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театрындағы “Болмаған оқиға” драммасының тұсаукесерін тамашалады. #Біртұтас_тәрбие

13.09.23жылы Түркістан қаласы ішкі саясат бөлімі “Жастар ресурстық орталығы” КММ мамандары инспектор Карабузова Салтанат және психолог Ақбота Маратқызы, Түркістан ҚПБ ЖПҚ ЮПТ УП инспекторлары: полиция капитаны Берік Жаханұлы, полиция лейтенаты Дархан Қоңырбаев, полиция капитаны Ерсұлтан Әбдінасырұлы, директордың тәрбие оқу ісі жөніндегі орынбасары Нұрбол Нұрғалиұлының қатысуымен “Қаржы пирамидасына қарсы күрес және алдын алу” және де “Тәрбиелі жастар-қауіпсіз қоғам” тақырыптары бойынша жиналыс өткізілді. Негізгі күн тәртібінде қаралған мәселелер: 1.Қаржы пирамидасы және оның алдын-алу; 2. Алаяқтық, оның белгілері мен түрлері. Алаяқтықтың алдын-алу шаралары. Жиналыс барысында студенттердің сұрақтарына жауап беріліп, жастарды білімге құштар болуға, спортпен шұғылдануға, руханият орталығының мәртебесіне лайықты, өнегелі жастар болуға шақырды.

11-ші қыркүйек күні “Жер-2023” Республикалық командалық-штабтың оқу-жаттығуы өткізілді. Оқу жаттығу іс-шарасына Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжіміздің қызметкерлері мен студенттері де қатысты . Сағат 10:00-де құлақтандыру дабылы іске қосылды. Жалпыға бірдей сейсможаттығу барысында алғашқы көмек көрсетіліп қауіпсіз аймаққа шығарылды.

Колледжімізде Түркістан облысының білім басқармасының “Білім беруді дамыту орталығы” КММ-нің 06.09.2023 жылғы N730 хатына сәйкес ағымдағы жылдың 8-қыркүйек күні Республикалық “Дене сергіту” челленджі өткізілді.

"ӨЗ КӘСІБІҢДІ АШ" іс-шарасы өтті 🔰 Бүгін Түркістан қаласы Жастар Ресурстық орталығы мамандарының ұйымдастыруымен "Көпсалалы Индустриялды-Техникалық колледжінде" жастармен кездесу өтті. Кездесуге Түркістан қаласы әкімдігі, "Мансап" орталығы КММ-нің маманы Дәуренбекова Ғалия, "Turkistan" кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы маманы Қ.Абдуахитова қатысты. Кездесу барысында сөз алған "Мансап" орталығы маманы Дәуренбекова Ғалия ханым мемлекеттіміздің Шара жастар саясаты бойынша қабылданып жатқан бағдарламалар мен жүзеге асқан жобаларға тоқталды. 🔰 Іс-шара мақсаты жастарға кәсіпкерлік бойынша ақпараттар беру.

"ӨЗ КӘСІБІҢДІ АШ" іс-шарасы Көпсалалы индустриялды-техникалық колледж студенттері Жастар Ресурстық орталығының мамандарымен бірге "Қазқайта жаңарту" мекемесінің Түркістан филиалы цехіне бизнес экскурсия өткізді. Цех еліміз бойынша жалғыз кесенеге арналған кірпіш жасаумен айналысады. Бүгінгі күні цехта 23 адам жұмыс жасауда. Экскурсия барысында студенттерге жұмыстың жүргізілу барысын, қандай мүмкіндіктер бар екені айтылды.

Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінде"Тілім-тірегім!" айдарымен Қ.Р Тілдер мерекесіне арналған таңғы сапта салтанатты жиын өткізілді.Жиынды ұйымдастырған Гуманитарлық пәндер бірлесітігі.Ұлы реформатор Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне орай "Ұлт мақтанышы"тақырыбы аясында кітапханшылармен бірлесе көрме жасалып,студенттердің таным көкжиегін кеңейтті.

Бүгін Көпсалалы Индустриалды техникалық колледжімізде “Әділетті Қазақстан:сапалы білім, адал ұрпақ,табысты ұлт!”атты 1-ші қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты іс шара аталып өтілді. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнмен ашылып, оқу орнының директоры А.Абпазов студенттерді білім күнімен құттықтап, жастарды білімге, еңбек сүйгіштікке және еліміздің алдыңғы қатарлы азаматтары болуға шақырды.

30.06.2023 ж колледжімізде "Ақ жол саған, жас маман 2023" атты бітірушілерге арналған кеш өтті. Алғашқы құттықтау сөзі және үздік диплом табыстауды директордың м.у.а У.Изтлеуова, директордың өндірістік ісі жөніндегі орынбасары М.Досаев және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә.Көлбайға берілді. Іс шара барысында әндер айтылып, бітірушілер соңғы вальс биледі және өздерінің топ жетекшілері мен өндіріс шеберлеріне алғыстарын айтты. Топ жетекшілер,өндіріс шеберлері,ата-аналары бітірушілерге ізгі ниеттерін айтып, ақ жол тіледі.

Көпсалалы индустриалды - техникалық колледж кітапханашылардың ұйымдастырылуымен ,,Оқуға құштар колледж" бағдарламасы аясында ,,Бір ел - бір кітап" республикалық акциясы аясында қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларын насихаттау. Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай - ақ жастарға рухани - адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге бағытталған. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға , қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеанс

Құрметті әлеуметтік желі қолданушылар! Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұловтың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау (әрі қарай -Ішкі талдау) жүргізу туралы бекіткен кестесіне сәйкес облыстық Адами әлеуметті дамыту басқармасының "Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжі"МКҚК-да ағымдағы жылдың 23-маусымынан бастап ішкі талдау жұмыстарын жүргізілетіндігін хабарлаймыз! Ішкі талдау жұмыстары 23-маусым -07 тамыз аралығында жүргізіледі. Егерде, Сізде аталған сала қызметіне қатысты қандайда бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз -шағымдарыңыз,білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса,төменде көрсетілген мекен-жайға жолдауыңызды сұраймыз. Барлық проблемалық сұрақтар мен құқық бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша осы көрсетілген байланыс құралдары арқылы хабарласу қажеттігін жеткіземіз. Байланыс номері : 8-747-206-62-63 Эл.почта :KI-21_Kairat@mail.ru

Көпсалалы индустриалды – техникалық колледжінде 22.05.23 – 26.05.23ж. аралығында «Құрылысшы» әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен « Шебердің қолы алтын» тақырыбында апталық болып өтті. Мақсаты: Заман талабына сай кәсіби құзіреттілікке ие, білікті құрылысшы және газ маманын даярлауды қаматамасыз ету. Апталықта бірлестікке қарасты арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері ашық сабақтар, шебер сыныптар өтті. Апталықта жоспарланған барлық іс – шаралар Worldskills чемпионатының стандарттары мен талаптарына сәйкес өтілді.

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының "Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы ұйымдастырған "1маусым-Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Балалардың игілігі үшін" акциясы аясында "Жаңа Қазақстан Күшіміз бірлікте" облыстық өнер фестивалі өз мәресіне жетті. Көпсалалы индустриалды техникалық колледжі жүлделі ll- орынға ие болып 150000 теңгелік сертификат табысталды.

Колледжімізде 4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі және Мемлекеттік әнұранды бір мезгілде орындау рәсімі өткізілді. #ҚазақстанРеспубликасы #4маусым #рәміздеркүні

Көпсалалы индустриалды - техникалық колледжінде кітапханашылардың ұйымдастыруымен ,,Оқуға құштар колледж" жобасы аясында 4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күніне орай ,,Мемлекеттік рәміздердің мәртебесі " атты дөңгелек үстел Мемлекеттік рәміздер туралы студенттердің білімдерін тереңдете отырып саяси сауаттылықтарын арттыру мақсатында қазіргі кездегі мәртебесінің төмендеп кететіндігін жеткізу, рәміздердің маңыздылығын ұғындыру. Рәміздерді құрметтеу арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу елін, жерін сүюге баулу.

Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінің жоспары бойынша 2023 жылдың 30-31 мамыр күндері «Жеңіл автокөліктерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша демонстрациялық емтихан өтті. Демонстрациялық емтихан – біліктілік емтиханы немесе жаңа форматтағы қорытынды аттестаттау. Демонстрациялық емтихан үш модуль бойынша (А,В,С модульдері) өтті. Бұл емтиханға қатысқан студенттерге дипломмен бірге «skills» куәлігі қоса беріледі. Жарыс! Сайыс! Жеңіс! Емтихан тапсырушы студенттерге сәттілік тілейміз!

Түркістан қаласындағы «Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжі» 2023 жылдың 30-31 мамыр күндері колледждің 5 құзыреттілігі бойынша демонстрациялық емтихан өткізіліп, мектептің 9-11 сыныпты бітірушілеріне «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Іс-шараға Түркістан қаласындағы №31 Абай атындағы жалпы орта мектеп бітірушілері, №11 Ж. Жабаев атындағы жалпы орта мектеп бітірушілері және қаладағы басқада мектептердің бітірушілері қатысты.

30шы мамыр күні Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінде Әртүрлі халықтардың ұлттық ойындары тақырыбында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған "Балалық шақ әлемі қандай ғажап" атты спорттық іс шара болып өтті.

Жоспар бойынша 2023 жылдың 30-31 мамыр күндері колледждің 5 құзыреттілілігі бойынша демонстрациялық емтихан басталды. Атап айтқанда, «аспаз ісі», «жеңіл автокөліктерді жөндеу және қызмет көрсету», «электромонтаж», «сән технологиясы» және «құрғақ құрылыс және әрлеу жұмыстары». Былтыр яғни 2021-2022 оқу жылында «жеңіл автокөліктерді жөндеу және қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша ғана демонстрациялық емтихан өтілген. Демонстрациялық емтихан – білім алушыға меңгерген кәсіби құзыреттіліктерін іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік беретін аралық немесе қорытынды аттестаттау түрі. Бұл емтиханға қатысқан студенттерге дипломмен бірге «skills» куәлігі қоса беріледі. Осы жылдың 30-31 мамыр күндері өтетін демонстрациялық емтиханға қоса, мектептің 9-11 сыныпты бітірушілеріне «Ашық есік күні» ұйымдастыралады. Емтихан тапсырушы студенттерге сәттілік тілейміз.

Көпсалалы Индустриалды Техникалық Колледжінде 5-күндік Оқу дала жиыны болып өтті. Білім ошағында патриот жастарды тәрбиелеу елін, жерін сүйетін ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеу әскери өмірге әзірлігін шыңдау.Отан сүйгіштікке сезімін ояту мақсатында колледж базасында толық қанды теориялық алған білімдерін практикада жүзінде әзірленіп жас сарбаздардың әскери өмірге қызығушылығын арттырып жан-жақты білімді парасатты патриот азаматтарды тәрбиелеу. . Еліміздің ертеңі бүгінгі білім алушы жас сарбаздарымыздың қолында. Өскелең жас ұрпаққа патриоттық тәрбиені бойларына сіңіру отбасынан және талбесіктен бастауын табатыны белгілі. Барша оқу – дала жиынына ат салысқан оқытушылар мен білім алушыларға алғысымыз шексіз. Отанымыздың тыныштығы мен оның тұтастығын әскеріміз күзетіп, елдің абыройын асқақтататыны баршамызға мәлім. Жас ұрпақ еліміздің ертеңгі болашағы білімді азаматтардың қолына табысталатыны баршамызға аян және сеніп тапсырар аманат. Біз Отанымыздың алға қарай дамып, болашағының мықты болуына барынша аянбай еңбек етуіміз керек. Әскери – патриоттық тәрбие, отансүйгіштік қасиет және ар-намысты жоғары қоятын жастарды тәрбиелеу сіздер мен біздердің басты міндетіміз.

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында 29 мамыр күні Түркістан Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінде "Балалық шақ әлемі қандай ғажап, "Бақыт,Күн,Достық -балаларға!" атты спорттық флешмоб ұйымдастырылды.#АссамблеянародаКазахстана #балалықшақәлеміқандайғажап #өзінөзібасқару

2023 жылдың мамыр айының 18-20 күндері аралығында Түркістан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында облыстық спартакиада болып өтті. Спорттық бәсекелер Сарыағаш ауданы Қапланбек жоғары аграрлық -техникалық базасында жоғары деңгейде өтті. Спартакиадаға Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымы демеушілік етті. Спартакиаданың басты мақсаты - салауатты өмір салтын ұстанып,салалық спортты дамыту. Осы байрақты бәсекеге "Көпсалалы индустриалды- техникалық колледжінің педагог қызметкерлері спорттың 5 түрінен қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Кіші футболдан ерлер командасы 2 орын алды, ал жалпы командалық есепте облыстан қатысқан 35 колледждің арасында 3 орынды иеленді. Жеңімпаздарға Түркістан облысы білім басқармасының атынан сертификат,салалық кәсіподағынан мақтау қағаздары мен кубоктар табысталды. Колледжіміздің барлық спорт жанашырларын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

« Төрт тоқсан-төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы бойынша жастарды қазақстандық патриотизмге қалыптастыру, білім алушыларды өз халқының мәдени дәстүрлеріне, туған өлкенің тарихын қастерлеуге баулу. Қазақстандағы туризм мен өлкетанудағы болашағы зор жастар туған өлкені, көрікті жерлерді көріп, білу мақсатында қаламыздағы «Жеңіс» саябағына,«Керуен сарай» кешеніне,«Визит» орталығына,«Мәдениет» орталығына және де Н. Төреқұловтың 130 жыл толуына байланысты« Н. Төреқұлов» мұражайына саяхатқа барды

Ұлттық мәдени-ағарту жобасы щеңберінде ,18 мамыр Халықаралық мұражай күні ,көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінің 1-21"Есептеу техникасы және ақпараттық желілер "тобының студенттері қаламыздың "Ұлы Дала елі" мұражайына саяхат жасап қайтты .Саяхат мақсаты студенттердің танымдық көзқарасын кеңейтіп ,ұлттық болмысымыздың түп бастауымен сусындап, туған жерге,туған мәдениетке ,туған қалаға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу ,туған өлкенің тарихымен ,мәдениетімен таныстыру . Бұл игі бастама жалғасын табады деп сенеміз!

Көпсалалы индустриалды техникалық колледжінде "Оқуға құштар колледж" бағдарламасы аясында 14-22 тобының студенттерінің қатысуымен "Оқу зиянды емес, оқымау зиянды" атты тақырыпта флешмоб өтті. Рухани өмірдің маңызды факторы ретінде кітап пен оқуды насихаттау.Қазақ мәдениеті мен тарихи мұрасына деген патриоттық сезімді, сүйіспеншілікті, құрмет пен қызығушылықты тәрбиелеу ретінде оқуды насихаттау және жандандыру."Кітап оқуға құштар адам" бұл қандай да бір тарихи оқиғалар кезінде өзгерістерге ұшырамайтын құндылық, ал кітап оқуға құштар қоғамның сөзсіз шарты болып қала береді.

"Көпсалалы индустриалды техникалық колледжі" коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2023-2024 оқу жылына студенттер қабылдайды. Мемлекеттік лицензиясы: КZ90LAA00017108 (берілген күні30.09 2019) 9 сынып бітіргендерді (оқу мерзімі 2жыл 10ай) мына көрсетілген мамандықтар бойынша оқуға шақырады. 1. 10130300 - Тамақтандыруды ұйымдастыру: 3W10130301 - Кондитер-безендіруші 3W10130302- Аспазшы 2. 07150500 - Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша): 3W07150501 - Электргазымен дәнекерлеуші 3. 07161300 Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану: 3W07161301 Автомобиль жөндеу слесарі 3W07161302 Автомобиль электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электрик: 3W07161303-Автомобиль көлігін жөндеу шебері 4. 07161600 Ауыл шаруашылығын механикаландыру: W07161603" Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторист-машинисі" 5. 07320100 - Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану: 3W07320105"Құрылыс-әрлеу жұмыстарының шебері 6. 07321200 - Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану: 3W07321201 Газ құбырларын пайдалану және жөндеу слесарі 7. 07130100 Электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша): 3W07130101 - Электромонтер (түрлері және салалары бойынша 8. 07230100 Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу: 3W07230102 «Арнайы тігінші» 3W07230105 «Модельер-пішуші» 9. 06120100 - Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша) 3W06120101 «Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы» 11 сыныптан кейін (оқу мерзімі 10 ай) мына мамандықтар бойынша оқуға шақырады: 1 10130300-Тамақтандыруды ұйымдастыру: 3W10130301 - Кондитер-безендіруші: 3W10130302- Аспазшы 2. 307161300 Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану 3W07161302 Автомобиль электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электрик Қабылдау комиссиясының Мекен жайы: Түркістан қаласы А.Байқоңыр көшесі 2а үй. БСН/БИН 080240020611 Сым тетіктер: 2-56-22 Электронды пошта: kl-21_kairat@mail.ru

Көпсалалы Индустриалды Техникалық Колледжінде "Таза аула- таза табиғат"атты студенттер арасын сенбілік іс-шара ұйымдастырылып колледж ауласында тазалық жұмыстары атқарылды. Аталған іс- шараға 1-курс студенттері ішінен құралған "Ерікті жастар"тобы колледж ауласын тазартуға белсенділік танытты.

05.05 .2023ж.Көпсалалы индустриалды техникалық колледжінде 7-мамыр ҚР-ның Отан қорғаушылар күніне және 9-мамыр Ұлы Жеңіс күніне 78-жыл толуына орай АӘжТД пәнінің жетекшісі А.Ниязбековтың ұйымдастыруымен іс-шара болып өтті. Мақсаты:Жастарды өскелең ұрпақты Отан сүйгіштікке тәрбиелеу ұлтжанды патриот азаматтарды тәрбиелеу.

24.04.2023 ж Көпсалалы индустриалды техникалық колледжінде Түркістан облысы терроризмге қарсы комиссиясы аппаратымен берілген нұсқамаға сәйкес, шет елдердергі теологиялы оқу орындарында оқудың қауіптілігі туралы профилактикалық және түсіндірме шараларын жүргізу жөнінде құрылған топ мүшелері қатысуымен колледж студенттері арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша кездесу-жиналысы өтті. Жиналысқа білім беруді дамыту орталығының тарих бөлімінің әдіскері М.Үсенбеков, Түркістан облысы дін істері басқармасының діни бірлестіктерімен байланыс және мемлекеттік қызметтерді көрсету бөлімінің қызметкері А.Ержанқызы, Түркістан облысы ПДЭҚІҚБ-ның жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Мухамеджан Тельман, Дін істер басқармасының "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ-нің теолог маманы Б.Абдрахман, Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә Көлбай, жастар ұйымының инспекторы И.Ташметов, әлеуметтік педагог Ж.Сарсенбаева қатысты. Шет елдердергі теологиялық оқу орындарында оқудың қауіптілігі жайлы айта келіп,студенттерге тиянақты түсіндірілді.

Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 15.05.2023 ж колледжімізде Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ж.Шайдулла мен "Түркістан Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Н.Е.Абуованың қатысуымен жалпы жиналыс болып өтті. Жиналыс барысында ұжымға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бейнеролик көрсетілді. #сыбайласжемқорлық #адалдықалаңы #Түркістан

Көпсалалы индустриалды техникалық колледжінде отбасы ұғымын дәріптейтін, кейінгі ұрпаққа үлгі ету мақсатында түрлі игі шаралар ұйымдастырылып жатыр. Солардың бірі дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Мерейлі отбасы» конкурсының өткізілуі. Аталмыш байқау арқылы өнегелі де мерейлі отбасылары марапатталып, мәртебе биігінен көрініп келеді.

Түркістан облысы «Қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 11.04.2023-ғы №42-01-11/855 шығыс хаты бойынша ҚР-ның Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2023 жылғы 10 сәуірдегі №05-17/917 хатына сәйкес, Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмасын іске асыру мақсатында мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында жасына қарамастан барлық қазақстандықтардың қатысуымен «Еркін ел ұрпағы» жалпы ұлттық патриоттық диктантын өткізу тапсырмасы берілген. 4 мамыр күні сағат 11-00 де Көпсалалы индустриалды – техникалық колледжі «Еркін ел ұрпағы» жалпы ұлттық патриоттық диктантын жазды. Диктант жазуға 107 оқытушы 408 студент қатысты.

2.05.2023 ж Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы "Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен, орталықтың директоры Ешенкұлов Бақытжан Қабайұлының бастамасымен ел ішінде талантты, өнерлі балалар мен жасөспірімдерді анықтау, талабын қолдап, талантын ашу мақсатында облысымыз бойынша өтіп жатқан «Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте» атты балалар өнер фестивалі өткізілді. Өнер фестивалінің ережесіне сәйкес, концерттік бағдарлама, қызықты қолөнер көрмесін ұсынды. «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің директоры Ешенкұлов Бақытжан Қабайұлы, орталықтың бөлім меңгерушісі Нигметова Клара Канбетқызы, орталықтың саз жетекшісі Аитов Мырза,Көшенов Алмат өнер көрсеткен өнерпаздарының өнерін тамашалап, шәкірттерге шалқар шабыт, шығармашылық табыс тіледі.

"Төрт тоқсан-төрт өнер" Ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы негізінде, жастардың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, білім алушыларды өз халқының мәдени дәстүрлеріне, туған өлкенің тарихын қастерлеуге баулу және туған өлкенің тарихы мен рухани мұрасымен, мәдениетімен таныстыру. Нәзір Төреқұлов шығыстанушы, саясаткер, кеңестік мемлекет қайраткері, журналист, әдебиетші және ол-Сауд Арабиясындағы консул болған қазақтан шыққан тұңғыш дипломат екенін тереңінен студенттер танысты және мол мағлұматтар алды. Колледж студенттері Түркістанның тумасы, жазушы, ақын, публицист, сыншы Саттар Ерубаев музейіне барып Саттардың халқының рухани дамуында алар орнының зор екенін, артында өшпес мұра қалдырғанын әр студенттердің бойына сіңіру.Білім алушылардың туған өлкесін зерттеуге деген қызығушылығын арттыру.

Тақырыбы: "Электр сымдар жүйесіне техникалық қызмет көрсету" Тобы: 17-22 Автоэлектрик Оқу өндіріс шебері: Сәрсенбаев Мадияр

Көпсалалы Индустриалды Техникалық Колледжі. Тақырыбы:”Жолда журу ережесі және техникалық қауіпсіздігін сақтау” Тобы: 9-22 Автоэлектрик Оқу өндіріс шебері: Есенгелдиев Ерлан.

Көпсалалы индустриалды техникалық колледжінде Кітапханашылар:Балқыбаева Гулзипа мен Метеева Құрбанкүлдің ұйымдастырумен "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында жерлесіміз Қаныбек Сарыбаевтың 85 жылдығына орай "Ақындар жырлаған туған өлке" атты поэзия кеші өтті.Кешімізге қонақ ретінде Қаныбек Сарыбаевтың қызы "Сауран" газетінің редакторы Лаззат Сарыбаева қатысып, әкесінің бірнеше өлеңдерін оқып берді.Қаныбек ақын әдебиет әлеміне өзіндік ерекшелігімен еркелей де, ентелей енген, арқалы ақын, Түркістанды өміріне тұғыр, өлеңіне өзек еткен, өткір де өршіл ақын, өресі биік тұлға."Өмірден кетсем де, өлеңнен кетпеймін" дегендей өлеңдерінің өміршеңдігіне ақынның бүгінгі өлең-жырлары куә.Колледж студенттері С.Ермахан, Д.Сабыр "Батырлар ұраны" әнімен, Д.Ибашбай, Ж.Тәңірберді, Ж.Әзімхан, А.Сұлтанбек, А.Маханбетова, С.Джумабекова сынды жастар, ақын өлеңдерінен жыр шашулар шашты.

Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінде 27-31 наурыз аралығында "Тігінші" әдістемелік бірлестігінің апталығы өтті. Студенттермен бірлесе жасалған шығармашылық жұмыс "Сән көрсетілімі" қорытынды кеште көрсетілді.

01.03.2023ж

Алғыс айту күніне орай 6-21 тобының “Ата-анаға мың алғыс” атты тәрбие сағаты Топ жетекшісі Утепова Баян

01.03.2023ж

9-21 "Аспаз" тобы сіздерді "Алғыс айту" күнімен құттықтайды! Топ жетекшісі: Н. Айтенов

01.03.2023ж

1 Наурыз - алғыс айту күніне орай колледжіміздің студенттерінің атынан челлендж.

Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесіне арналған "Қош келдің - әз Наурыз" онкүндік мерекелік іс-шаралар жоспарына сәйкес, "Наурыз-тазалықтың айнасы", "Таза табиғат" жасыл акция аясында. Колледжіміздің ерікті жастарымызбен сенбілік ұйымдастырылды. #ӘзНаурыз #сенбілік #тазатабиғат #жасылакция #еріктіжастар #еріктілер #Наурызтазалықайнасы

23.02.2023ж

Бүгін колледжімізде Түркістан станциясындағы желілік полиция бөлімі және қалалық әкімшіліктің ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ-мен бірлескен жоспарына сәйкес "Көліктегі қауіпсіздік" акциясы аясында студенттермен кездесу өткізілді. Жиналыс барысында Түркістан ст. ЖПБ бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі С.М. Мұқашев сөз сөйлеп Түркістан ст. ЖПБ ӘПб бастығы полиция майоры А.Б. Ешмаганбетов.Түркістан ст. ЖПБ ӘПб аға инспекторы полиция майоры С.Ж. Нұрлыбаев жастарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді, жастарымызға темір жол қауіпсіздігі туралы видеоролик көрсетіліп, буклеттер таратылды. Акцияның мақсаты: темір жол көлігі нысандарында орын алатын жазатайым оқиғалардың алдын алу қайғылы жағдайларға жол бермеу, жол қауіпсіздік ережелерін насихаттау, темір жол қауіпсіздік ережелерін үйрету. Сондай-ақ жастарымыздың бойында сыбайлас жемөорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында қысқаша түсіндірме жұмыстары өтілді. Жастарымыз тарапынан қонақтарға сұрақтар қойылып қажетті мәліметтерді алды.

Көпсалалы индустриалды-техникалық колледж. Электромонтер 3-20 тобы кәсіби практика уақыты

"Оқуға құштар колледж" жобасы аясында колледжімізде Мұқағали Мақатаевқа арналған "Ақын жыры - елінің жүрегінде" атты поэзия кеші өтті. Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу.Мұқағали Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, сезіндіру, шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндері көпшілік назарына ұсыну.

06.02.2023ж

Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінде 06.02.2023ж жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылық, суицидтік әрекеттерді болдырмау және алдын-алу бағытында колледж педагог психологы Ұ.Алхожаеваның ұйымдастыруымен "Жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу" тақырыбында психологиялық сабақ өткізілді. Колледж Әлеуметтік педагогы Ж.Сарсенбаева, Медбике Ә.Байбатшаева , студент қыздар , өндіріс шеберлері қатысты. 1. Ерте жүктілік деген не? 2. Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады? 3. Ерте жүктілік немен қауіпті? 4. АИТВ/ЖИТС туралы ақпарат Осы сурақтарға толық мәліметтер беріліп, бейне ролик көрсетілді.

27.01.2023ж

Түркістан қаласы Көпсалалы индустриалды техникалық колледжінде 27.01.2023 күні «Буллинг: Қыздар арасындағы әлімжеттіктің алдын алу?» тақырыбында колледж психологы Алхожаева Ұлбосын Еркінқызы профилактикалық тренинг жүргізді. Жұмыстың негізгі мақсаты; Студенттердің психикалық саулығын қолдау мен эмоциялық күйреу синдромының алдын-алу үшін қолайлы жағдай жасау. Өзін-өзі реттеу тәсілдерімен таныстыру болды. Жұмыс жасау тәсілі ретінде терапиялық бағытта психологияда кеңінен қолданылатын "Қуаттану техникасы" арқылы топтық жұмыс жүргізілді. «Әлімжеттікке тап болсаң өзіңді қалай ұстау керек?» атты тақырыптағы видеороликті назарға ұсынды. Әлімжеттікпен күресу жолдары мен шаралары ескертілді. Тренинг соңында кері байланыс орнатылды. Студенттер тренингтен алған өз пікірлерімен, әсерлерімен бөлісті.

20.01.2023ж

Көпсалалы индустриалды техникалық колледжінің кітапханасында көркем сөздің хас шебері атанған Ғабиден Мұстафиннің 120 жылдығына арналған "Дала классигі" атты дөңгелек үстел өткізілді.Жазушы шығармаларының идеясын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу, шығармаларды нақышына келтіріп оқи отырып, негізгі түйінді таба білуге баулу, тіл байлықтарын шыңдау, өзін-өзі дамыту, оқу-танымдық, құзіреттіліктерін дамыта білу.

06.01.2023ж

Ұлтымыздың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай ,,Дәуірдің дара тұлғасы" атты әдеби кеш өтті. Қазақ елінің мақтанышына айналған заңғар жазушыны құрметтеуге ,студенттерді елін сүюге ,әдебиетті білуге тәрбиелеу. Кешегіні болашақпен байланыстырып, қаламгер мен бүгінгі ұрпақ арасындағы әдеби - рухани байланысты нығайту және М. Әуезовтің өмір жолы мен шығармашылығын , ғасырларға сын бермес мұраларын насихаттау.

22.12.2022ж

Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын - қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Осы орайда колледжіміздің 1-21 "Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы" тобы студенттерімен "Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым" атты тәрбие сағаты болып өтті. Мақсаты: студенттердің өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастырып, егеменді елімізді сақтауға, оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш - қуаты мол жастарды тәрбиелеу.

16.12.2022ж

Көпсалалы Индустриалды Техникалық Колледжі 9-21 "Аспаз" тобы барлықтарыңызды 16 желтоқсан тәуелсіздік күнімен құттықтайды!

16.12.2022ж

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 31жыл толуына орай Көпсалалы индустриалды- техникалық колледж жатақхана студенттерімен тәрбиеші Асанбаева Г.Б. «Тәуелсіздік деп соғады жүрегім» атты тәрбие сағатын ұйымдастырды

16.12.2022ж

Тәуелсіздік — тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Жиырма жылдан астам уақыт ішінде елдің әл—ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасадық. Тәуелсіздік—біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз.Осы орайда колледжіміздің 13-22 "Аспазшы" тобы студенттерімен "Тұғыры биік Тәуелсіздік" атты дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: Тәуелсіздік табалдырығында тұрған осы жан тебірентер сәтте қазақ елінің еркіндігі, бостандығы жолында бас тіккен азаматтардың, солардың қатарында бұл күнге жете алмай, туған Қазақстанның егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болғанын көре алмай өмірден өткен желтоқсан құрбандарының рухына тағзым етіп, еске алуды парыз санаймын! Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол.

16.12.2022ж

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күнінің 31 жылдығына орай колледжімізде, қоғамдық пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен, "Тәуелсіздік - ел бақытты" тақырыбында ашық тәрбие сағаты болып өтті. Тәрбие сағатын ҚР Мемлекеттік әнұранмен басталды. Сабақта патриоттық өлеңдер оқылып, студенттер өз өнерлерін көрсетті. Қазақстанның тарихы айтылып, 16 желтоқсандағы қазақ жастарының ерлігін айта отырып, Тәуелсіздікке жол ашқандығын айтып өтті. Бұл сабақта студенттер еркін ойларымен бөлісті. Қазақстанның дамуына, болашағына не қосар едім, не істер едім деген сұрақтарға жауаптар берді.

16.12.2022ж

,Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күнінің 31 жылдығына орай колледжімізде, қоғамдық пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен, "Тәуелсіздік - ел бақытты" тақырыбында концерттік бағдарлама болып өтті. Салтанатты іс шарамыз колледжіміздің "Жас сарбаз" әскери-патриоттық клубының мүшелері ҚР Мемлекеттік туын алып кіруі және Мемлекеттік әнұранмен басталды. Алғашқы сөз кезегі колледжіміздің директоры А.Асановқа берілді, мекеме басшысы барша қызметкерлерді, студенттерді Тәуелсіздік күнімен құттықтап мерекелік концертімізді ашық деп жариялады және колледжіміздің бірнеше қызметкерлеріне кәсіподақ атынан алғыс хаттар мен сыйлықтарды табыстады. Мерекелік концертте патриоттық өлеңдер шырқалып, "Желтоқсан құрбаны- Қ.Рысқұлбеков" көрінісі қойылып, бишілер өз өнерін көрсетті.

16.12.2022ж

,,Тәуелсіз елімнің ерлік жолы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Студенттерге париоттық тәрбие беру, отанды сүюге және қадірлей, құрметтей білуге баулу, Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету: достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

05.12.2022ж

ҚР Тәуелсіздігі қарсаңында Көпсалалы индустриалды-техникалық колледж жатақхана студенттері қазақтың ұлы ақыны, сазгер, философ, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы-Абай Құнанбаевтың құрметіне "Абай оқулары" атты жыр сайысын ұсынады.

28.11.2022ж

Көпсалалы индустриалды - техникалық колледж кітапханасында оқырмандарға арналған ,, Кітап достарын іздейді'' атты Буккроссинг жобасына шақырамыз. Онда кітапты оқуға алу немесе достарыңызға беруге болатын кітаптар орналасқан. Оқып болған кітабыңызды бізге алып келіңіз. Сіздің кітабыңыз жаңа оқырмандарын тауып, қызықты саяхат жасай бастайды.Bookcrossing - бұл қызықты оқитын кітаптар, сұхбаттасу үшін жаңа достар мен пікірлес адамдар табудың жақсы жолы және кез - келген оқырман өз үлесін қоса алады. ,,Кітап достарын іздейді" атты жобаға қатысуға барлық кітапсүйер оқырмандарды шақырамыз.

Колледжімізде "Қазақ халқының ұлттық дәстүрлері және ислам" тақырыбында жиналыс өтті. Іс шараға жастар ресурстық орталығынан теолог А.Сүлейменова, Дін мәселелер орталығының теолог маманы А.Дүйсен, Түркістан қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің маманы А.Марат, колледжіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә Көлбай, әлеуметтік педагог Ж Сарсенбаева қатысты. Іс шара барысында Асхат Дүйсен ислам дінінің қоғамда маңызды рөл атқаратындығын айтты дінді ұстана отырып,өзіміздің ұлттық дәстүрлерімізді, рухани құндылықтарымызды сақтауға тиісті екендігімізді айтты.Экстремизм мен терроризм қазіргі таңда бүкіл әлемді алаңдатып отырған өзекті мәселе. Терроризм- бұл әртүрлі мемлекеттердің ұлттық ,бүкіл әлемдік қоғамдастықтың қауіпсіздігіне қатер төндірген күрделі,көп қырлы және аса жағымсыз саяси әлеуметтік құбылыс екендігі туралы ислам діні ұлттық және рулық алауыздықты зорлық зомбылықпен,өшпенділікті насихаттамайды және қолдамайтындығы туралы айтты. Келген қонақтарға студенттер тарапынан сұрақтар қойылып,өздеріне керекті жауаптарын алды. Студенттерімізге қажетті ақпарат беріліп,үгіт насихат жұмысы жүргізілді.#үкімет #жастаржәнедін #діниэкстремизм #саясат #қоғам #халық #біздіниэкстремизмгеқарсымыз

25.11.2022 ж жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша студенттеріміз Түркістан қаласы ҚІІБ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Қоңырбаев Дархан Смайылұлымен жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә.Көлбай ішкі тәртіп ережесі,жалпы студенттердің тәртібі,киім үлгісі және құқық бұзушылық туралы айтып өтті. Колледжіміздің АӘжТД жетекшісі Ниязбеков Асхат Нұрхатұлы "Білім беру ұйымдарында және олардың аумақтарында әкелуге тыйым салынған, оларды пайдалануы шектелген нәрселер мен заттар" тақырыбында баяндама оқыды. Сондай-ақ колледжімізге тағайындалған полиция инспекторы студенттерімізбен танысып, құқық бұзушылық алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. #жастар #құқықбұзушылық #Түркістан #рейд #полиция #жасөспірім

"Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен "Өнерлі ұстаз-2022" байқауы облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ұстаздары арасында 2022 жылы қазан айының 26 күні Түркістан қаласы "Ақжайық" музыка мектебінде өтті. Байқаудың мақсаты ұстаздардың тарихтанымдылығын, педагогикалық-психологиялық сауаттылығын, шығармашылық талантын анықтау. Байқау шарттары 3 кезеңнен тұрды. 1. Өзін -өзі таныстыру. 2. "Мен - қазіргі заман педагогымын". 3. Өнер кезеңі. Байқау қорытындысы бойынша байқау шарттарының талаптарын: көркем орындау деңгейі, мұғалімнің этикалық және эстетикалық мәдениетінің сақталуы, сахналық мәдениеті, тіл байлығы мен сөз шеберлігін жоғары деңгейде орындағаны үшін колледжіміздің дене тәрбиесі мұғалімі Сейітмұрат Сырым Әзімханұлы БАС ЖҮЛДЕ иегері атанды. Колледжіміздің жас ұстазын шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыратынына сеніміміз мол.

2022-2023 оқу жылының 1 қыркүйек - Білім күніне арналған салтанатты жиын болып өтті.Іс-шара барысында студенттер,ұстаздар және ата-аналар колледж ауласына сапқа тұрғызылып,ҚР-ның Мемлекеттік әнұраны орындалды.Колледж директоры Асанов А студенттерге жаңа оқу жылымен құттықтап,ұстаздарға еңбектері жемісті болсын деп сөз арнады, сондай-ақ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Изтлеуова У студенттерді құттықтап, сабақ кестесі бойынша қысқаша ақпарат берді. Колледжіміздің студенттері әсем әндер орындады. «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында барлық топтарда тәрбие сағаттар өткізілді.

21.06.2022 ж колледжімізде "Кәсіби бағдар беру" аясында ашық есік күні өткізілді. Болашақ талапкерлеріміз ата-аналарымен келіп колледжіміздің мамандықтары бойынша жұмыс орындары,шеберханалары,оқу ғимараты,кітапхана,жатақханамен танысты. Сондай-ақ экскурсия барысында автомеханик құзыреттілігі бойынша демонстрациялық емтихан өтіп жатқан шеберханаға да барып көріп өтті. Ашық есік күні болашақ талапкерлеріміз өз армандарына бір қадам жақындап, "оқуға түссем" деген мақсаттарын жүзеге асыру жолдарымен танысқандығын және маңызды мәліметтермен толыққанды ақпарат алғандарын айтып ыстық ықыласын білдірді.

Колледжіміздің ІІІ курс «Тігін өндіріс және киімдерді үлгілеу» мамандығы 3-19 тобының студенті Қалдыбек Алтынай қызымызды бір емес бірнеше марапатымен құттықтаймыз 27-30.04.2022 ж Тараз қаласында өткен Белбеу күресінен жас ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының Чемпионатында 75 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын, 05-08.05.2022 ж Талдықорған қаласында өткен Қазақ күресінен 2002-2004 ж.т. жастар (ұлдар мен қыздар) арасында Қазақстан Республикасы Чемпионатының 70 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын, 01-05.06.2022 ж Ақтөбе қаласында өткен Қазақ күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан Республикасы Чемпионатының 70 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын. Төбеде аталған чемпионаттардың барлығынан диплом және медальмен марапатталды. Шәкіртімізге зор денсаулық тілейміз және биіктен көрінуіне тілектеспіз.

Маусым

Колледжіміздің ІІ курс 1-20 тобы «Тігінші» мамандығының студенті Адилова Ұлболсын қызымыз 2022 жылы Ливан мемлекетінің астанасы Бейрут қаласында болып өткен Азия чемпионатында самбо күресінен 80 кг дәрежеде жүлделі 2-ші орын иегері атанды.Бұл тамаша жеңісті зор қуанышпен қабылдадық.Сен табандылық, жоғарғы спорттық шеберлік және қажымас кайрат танытып, осы халықаралық жарыста біздің еліміздің мерейін үстем ете білдің.Жаңа жеңістер мен табыстар тілейміз!

Түркістан облысының педагогтері топ жарды

Түркістанда алғаш рет Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері, қызметкерлері арасында республикалық спартакиада өтті. Аталған іс-шара 2022 жылғы 9-12 маусым аралығында өтіп, спорттың 4 түрінен (волейбол (ерлер, қыздар), футбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ) колледж педагогтері мен қызметкерлері өзара бақ сынасты. Басты мақсат- Жалпы білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, насихаттау. Жарыс түрлері арқылы спортқа деген қызығушылығын арттыру.Спартакиадаға еліміздің 16 өңірінен 384 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының мамандары қатысты. Атап өту қажет, бұл Спартакиада Республика бойынша алғашқы рет Түркі әлемінің рухани астанасы - Түркістан қаласында өткізілді.Жеңімпаздарға алтын, күміс, қола медальдары және жеңімпаз кубоктарымен қаржылай сыйлықтар табысталды.Спорттық жарыстың жалпы есептік қорытындысы бойынша Түркістан облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері 1-орынды иеленді. Екінші орынға Қызылорда облысының мамандары жайғасты. Ал үздік үштікті қарағандылық ұстаздар алды. Бұл айтулы шара енді дәстүрлі түрде өткізіледі. Келер жылы жаңадан құрылған Абай ауданында ұйымдастыру жоспарлануда.

Рәміздер күні

#меніңтуымменіңмақтанышым #рәміздеркүні

02.06.2022

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен биыл тұңғыш рет колледж студенттері арасында Ұлттық спорт лигасы ұйымдастырылуда. Лига тоғызқұмалақ, волейбол, баскетбол, шағын футбол және үстел теннисі жарыстарын қамтиды.Республикалық колледж студенттерінің лигасы 25 мамырда елордада тоғызқұмалақ жарысынан басталды. Тоғызқұмалақтан республикалық жарыста Нұр-Сұлтан және Алматы қаласы, Алматы, Қарағанды, Түркістан, Ақмола , Маңғыстау, Павлодар, Ақтөбе, Қостанай облыстарының білім алушылары қатысып, бақтарын сынады. Спартакиадаға колледжіміздің дене шынықтыру пәні оқытушылары С.Қосдаулетов және Н.Байсеиттің жетекшілігімен студенттеріміз қатысып сертификат және алғыс хаттармен марапатталды. Жетекшілік еткен ұстаздарымызға және шәкірттеріне биіктен көрінуіне тілектеспіз.

31.05.2022

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының 24.11.2021 жылғы № 365 бұйрығына сәйкес биылғы оқу жылында облыстық колледж студенттері арасында «Балалар жылы - 2022», Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл толуына орай жастарды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, халқына адал қызмет етуге, халқының тарихын білуге тәрбиелеу мақсатында «Тұлпар мініп, ту алған!» атты өнер фестивалінің байқауы өткен болатын. Байқауға облыстағы білім беру ұйымдары мен колледж студенттерінен 100 жуық контингент қамтылып, он жанр бойынша талантты жастардың қабілеттері шыңдалды. Аталған іс-шарада әділқазылар 2- айға жуық студент жастардың құндылық бағдарларын қазақстандық қоғамның рухани-адамгершілік және мәдени дәстүрлері тұрғысынан қалыптастыру, талантты жастардың шығармашылық жұмысы, музыкалық өнердің түрлі жанрларында орындаушылық қабілеттері, сахна мен сөйлеу мәдениеттерін толық зерделеп, білім беру ұйымдарының жылдық тәрбие жұмысының нәтижесін саралап өткен болатын. 28.05.2022 жылы Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыка мектебінде гала концерт өтіп, іс-шараның қорытындысы жарияланды. Нәтижесінде облыстағы үздік өнер көрсеткен білім беру ұйымдары өз алдына марапатталса, ал колледждер арасында өткен қорытынды бойынша үздік шығармашылығымен Көпсалалы Индустриалды Техникалық Колледжі І дәрежелі дипломмен марапатталды.

25.05.2022

Көпсалалы индустриалды- техникалық колледжінде 25 мамыр 2022ж ҚР да 05.06.2022ж өтетін Референдумға байланысты жиналыс болып өтті. Жиналыста колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә.Көлбай Референдумның маңыздылығы жөнінде ақпараттармен таныстырды. Жиналысқа колледж мұғалімдері мен өндіріс шеберлері қатысты. Қонақта 125 сайлау учаскасының комиссия мүшелері С. Бекмурзин, Г.Бейсеновалар болып Референдумға жауапкершілікпен қарап түсіндірме жұмыстарын жүргізу керектігін айтты.

17.05.2022

ЖЕҢІМПАЗ КӨПСАЛАЛЫ ИНДУСТИРАЛДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ! Түркістан обылысы адами əлеуетті дамыту басқармасының ұйымдастыруымен, Түркістан көпсалалы жоғары техникалық қол өнер колледжінің базасында - Техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылар арасында Ұлттық спорт лигасының облыстық кезеңі өтті. Бəсекеге оқу орнымыздың білім алушылары барын салып, Тоғыз құмалақтан 1- ші орын алып, Республикалық ойындарға жолдама алды. Сондай ақ, Баскетболдан 3 - ші орын Кіші футболдан қыздар арасында 3 - ші орынды қанжығасына байлады. Барша спортшыларымызды құттықтай отырып, алдағы ойындарға жеңіс тілейміз!

7.05.2022

7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай ІІ курс бойынша 1-20 "тігінші" тобы топ жетекшісі Орынбасарова Салтанат "Ұранды ердің-ұрпағы қайсар" атты тақырыбында студенттерді Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, Отан сүйгіштік, ұлтжандылық, қасиеттерін дәріптеу. Отанын елін қорғай білуге тәрбиелеу мақсатында ашық тәрбие сағаты өтілді. Елді жаудан қорғайды. Әскерлерім-айбыным! Мықты болса әскерім, Біз көрмейміз қайғы-мұң-дей келе Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз.

Колледжімізде 7- мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс шара өтті. Алғашқы сөз колледж директоры А.Асановқа берілді, мекеме басшысы колледж қызметкерлерін құттықтап кәсіподақ ұйымы атынан алғыс хаттармен мараппатады.Сондай-ақ, іс-шара барысында әскери-патриоттық өлеңдер айтылып, баяндама оқылып,қоян-қолтық ұрыс тәсілдері көрсетілді. Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, ел тыныштығын сақтауда әскери сарбаздарымыздың атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміз айбынды болсын! Ел қорғаны — ер азаматтар қай салада болмасын еңбек етіп, ел алдындағы борыштарын өтеуде. Біздің оқу ордамыздың ер азаматтары базалық әскери білім беру жүйесінің ғылым саласында өз үлестерін қосып, жастарды тәрбиелеп, еліміздің дамуына қызмет етуде. Қадірменді ардагерлерімізге, әскери сарбаздар мен офицерлер және барлық ер азаматтарымызға амандық, денсаулық тілейміз. Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын!

26.04.2022 жылғы Шымкент қаласының әкімі аппараты ғимаратында Көктемгі тауға шығу,серуендеу кезінде қауіпсіздік шаралары мен оқыс оқиғаларының алдын алу мақсатында Түркістан облысы әкімінің және Шымкент қаласы әкімінің орынбасарларының төрағалығымен Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директорларымен облыстық табиғи қорық мекеме басшыларының қатысуымен мәжіліс өтті. Жоғарыда аталған мәжілістің шешіміне сәйкес Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының тапсыруымен 29.04.2022 жылы колледжіміздің мәжіліс залында барлық студенттерді қатыстыра отырып берілген ережеге сәйкес директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә.Көлбай нұсқаулық сағат өткізді. Ә.Көлбай өз сөзінде студенттерімізге облысымыздағы болған белгілі оқиғаларды мысалға ала отырып серуендеу, тауға шығу кезінде нұсқаулықтағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды талап етті.

Отан дегеніміз – халық. Халық дегеніміз – адам. Адамзатты сүю – оған жақсылық жасау. Ендеше отаншылдық – сонау ерте заманнан қалыптасып келе жатқан қасиетті сезім. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің тапсырмасымен жастардың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, патриотизм, елін жерін сүйетін, саналы да адал азамат тәрбиелеу мақсатында "АДАЛДЫҚТЫҢ БАСТАУЫ- САНАЛЫ ҰРПАҚ" тақырыбында студент жастармен кездесу өткізіліп, бейнеролик көрсетілді.

13.04.2022ж " Жастардың репродуктивті денсаулығы" атты профилактикалық семинар

Көпсалалы индустриалды техникалық колледжінде 13.04.2022ж Жастардың өмірге деген құштарлығын арттыру, стресстің алдын алу және өзін-өзі бағалау мақсатында " Жастардың репродуктивті денсаулығы" атты профилактикалық семинар тренингі колледж педагог-психологы Ұ.Алхожаеваның ұймымдастыруымен өткізілді. Семинар тренингте Түркістан облысы "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің "Қоғамдық даму және психологиялық көмек көрсету" бөлімінің маманы Салибекова Ақерке Ермекова және Түркістан облысы " Облыстық ЖИТС -тің алдын алу және онымен күресу орталығы " МКҚК -нің профилактикалық жұмыстар бөлімінің маманы Кенжегулов Марат Ануарұлы қонақта болды.

"Қош келдің, әз Наурыз!"

Көпсалалы индустриалды техникалық колледжінде 31наурыз күні "Қош келдің, әз Наурыз!" колледж әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткізілді. Іс шараға қонақ ретінде Адами әлеуетті дамыту басқармасының тәрбие бөлімінің басшысы Маханбетов Жандос, Облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Шайдулла Жандос, Қосымша білім беру басқарма басшысы Бақытжан Ешенқұлов , Көркемдік жетекшісі Дінақ Құрманғазы, Бөлім басшылары Нигметова Клара, Досанова Тұрсынай. ҚР халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты құрмет орденінің иегері, әнші, сазгер Марат Илясов шақырылды. Іс шара Бекзат мөлтек ауданының бас имамы Марат Қажының құран оқуымен басталып, Колледж директоры Асанов Ахан Шакенұлы сөз сөйлеп іс шараны ашып берді. Ән айтылып, би биленді және театрландырылған қойылымдар қойылды. Қазақтың салт- дәстүрлері бойынша Құда күту, Тұсау кесер, Бастаңғы дәстүрлері колледж қызметкерлерінің қатысуымен көрсетіліп, концерттік бағдарламамен жалғасты. Қонақтардан қонақ кәде сұралып Марат Ильясов ән шашу жасады. Қонақтар өз ақ тілектерінде Іс шараның жоғары дарежеде ұйымдастырылғандығын айтып, алғыстарын білдірді.Ұлыстың Ұлы күні әрбір отбасына қуаныш, бақыт әкелсін! Ұлыс оң болсын!

24.03.2022 " Қайырымдылық -ізгі іс " атты қайырымдылық акциясы өткізілді.

Көпсалалы индустриалды техникалық колледжінде қамқоршылық кеңесі мүшелері, әлеуметтік педагог Ж. Сарсенбаеваның ұйымдастыруымен " Қайырымдылық -ізгі іс " атты қайырымдылық акциясы өткізілді. " Динара" киім дүкенінің иесі Қалыбекова Динара Дүйсенбайқызы демеушілік көрсетіп колледждегі әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 20 студентті сырт киіммен, басқада киімдермен қамтамасыз етті

14.03.2022 "

Білім алушыларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, көзқарасты қалыптастыру мақсатында "Таза сессия" аясында ашық сабақтар, кураторлық сағаттар өткізілді.

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мереке

Жақсылықтың нышанындай,жаның сүйген адамның жып-жылы құшағындай, саф алтындай тазалығы мен сұлулығын беретін, жайма шуақ сәулелерін төгетін, көңілдерге қуаныштар егетін, имандылық пен пәк қыздардың мінезіндей ибалылық себетін көгілдір көктемнің алғашқы мерекесі, той атаулының қызығы мен берекесі – 8 НАУРЫЗ. 8 наурыз – ер азаматтардың назарынан тыс қалмайтын мерекелердің бірі. Осы күнді ақ шашты қариядан бастап жас жеткіншектерге дейін асыға күтеді. Бұл күн – отбасы берекесі мен ұйытқысы болып табылатын біздің аналарымыз, жарымыз, әпкелеріміз бен қыздарымызға жарқын көңіл мен жақсылық тілейтін күн болғандықтан Көпсалалы индустриалды техникалық колледжінің ер азаматтары ұжымдағы қыз келіншектерге мықты денсаулық, отбасылырына бақыт пен шаттық, береке, байлық тілей отырып, құттықтап, марапаттап, силықтарын табыс етті!

04.03.2022 "Ахмет -ұлт Ұстазы"

Түркістан облысы ТжКББ ұйымдарында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерей тойына арналған іс-шаралар жоспарына сай "Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінде" 4.03.2022 жылы қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы Г. Ерімбетованың ұйымдастыруымен "Ахмет -ұлт Ұстазы" тақырыбында танымдық форматта студенттер арасында топтық сайыс болып өтті. Сайыстың мақсаты: А. Байтұрсынұлының шығармашылынан білімдерін шыңдау, танымдық деңгейлерін дамыту. 4кезеңнен тұратын сайысқа "Зерттеушілер"," Алаш зиялылары", "Ағартушылар" және "Этнографтар" топтары қатысты. Сайыстың шарттары бойынша студенттер А. Байтұрсыновтың өлеңдерінен өлең-арнау, өмірі мен шығармашылығынан сахналық қойылымдар көрсету және сұрақ-жауап арқылы білімдерін, өнерлерін көрсетті. Әділқазылар алқасы әділ бағаларын бере отырып, сайыстың жеңімпазын еңкөп ұпайжинаған "Этнографтар" тобын жеңімпаз деп таныды. Барлық қатысушы топтар арнайы дипломдармен марапатталып, кәсіподақ ұйымы тарапынан бағалы силықтар тапсырылды.

24.02.2022

24.02.2022ж- 25.02.2022ж "Өмірде қиын жағдайда жүрген жасөспірімдердің әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу" мақсатында студенттерге "Көңіл күйді көтеру ойын жаттығуларын" және "Стесстік жағдайдағы мен" іс қимыл жаттығулары колледж педагог психологы Ұ.Алхожаеваның ұйымдастыруымен өткізілді. 1курс студенттері қамтылды. Колледждің әлеуметтік педагогы Ж.Сәрсенбаева, медбике А.Байбатшаева Студенттерге "Стресстік жағдайда өз өзіңді қолға алу" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді

11.02.2022

Көпсалалы индустриалды техникалық колледжінде 11.02.2022ж Колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә. Көлбаймен қамқоршылық кеңестің хатшысы Ж. Сарсенбаеваның ұйымдастыруымен "Қамқоршылық кеңес " отырысы өтті. Қамқоршылық кеңестің мақсаты: білім беру ұйымына қолдау көрсету, қаржылық қолдауды қамсыздандыруда, материалдық - техникалық базасының нығайуына септесу, сондай -ақ, оның қызметіне қоғамдық бақылау жүргізу. Жиналысқа қамқоршылық кеңестің төрайымы Қайқыбаева Шарбану, қамқоршылық кеңестің құрамындағы "Түркістан автосервис"ЖШС меңгерушісі Умиралиева Бақыт, жеке кәсіпкер Есенова Перизат, ата ана Шаяханова Сандуғаш, Мақұлбекова Гулдана, Түркістан ҚПД ҚПБ ЖПҚ ЮПБ учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты М.Заиров қатысты

16.02.2022ж

Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінде 16.02.2022ж "Қасіретті қаңтар оқиғасы және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу " тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналысқа 1курс студенттері қамтылды. Түркістан қаласы ҚІІБ ЖПҚ-ң ЮПИ-ның УПИ полиция лейтенанты Зайыров Мейірман студенттерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә.Көлбай, колледж инспекторы И.Ташметов, Педагог-психолог Ұ.Алхожаева, әлеуметтік педагог Ж.Сарсенбаевалар жиналысты ұйымдастырып студенттерге қажетті мағлұматтармен таныстырды.

11.01.2022ж

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңтардағы ҚР Парламенті Мәжілісі отырысы қорытындысы нәтижесінде берген тапсырмаларын Түркістан облысында ақпараттық сүйемелдеу бойынша медиа-жоспарына сәйкес колледжіміздің оқытушыларына мемлекет басшысының берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында ұжымдық жиын болып өтті.Бұл жиынға қалалық ақсақалдар алқасының мүшесі, медицина саласының ардагері Масалиев Кеңес және ҚР мәдениет қайраткері, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, актер, режиссер Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы, қосымша білім беруді дамыту орталығының көркемдік жетекшісі Дінақ Құрманғазы қатысып, өз ой пікірлерін ортаға салып, ҚР президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың ҚР Парламент мәжілісі отырысының қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларына қолдау білдіріп, ұжымды ынтымақпен бірлікке шақырды.#күшбірлікте.