Тәрбие Бөлімі

Басты бет

Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының қосымша білім беру орталығының қызметкерлері: Нығметова Клара Канбетовна, Тұрмаханбетова Нұрзинат Әзімханкызының қатысуымен колледжімізде 4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күніне орай "Мемлекеттік рәміздер - тәуелсіздігіміздің символы" тақырыбында іс-шара болып өтті. Іс-шараның мақсаты: Жас ұрпаққа мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру. Отанды сүйюге, рәміздерді құрметтеуге және Отанының патриоты етіп тәрбиелеу.

12-19 тобының дайындаған "Рәміздер" күніне арналған тәрбие сағаты. Топ жектекшісі:Аяшов Қ

31 Мамыр- Саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған видеоролик

Көпсалалы индустриалды техникалық колледжінде "Біз біргеміз"тақырыбында әлеуметтік педагог Ж.Сәрсенбаева және педагог-психолог Ұ.Алхожаева қайырымдылық акциясын ұйымдастырылып өткізді.



1 қыркүйек - Білім күніне арналған салтанатты жиынды санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, 1 курс білім алушылары үшін дәстүрлі форматта өткізілді. Аталған іс шараға директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә.Көлбай, директордың оқу өндіріс ісі жөніндегі орынбасары М.Досаев, директордың оқу әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.Ниязбеков, директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары У.Изтлеуова және бөлім меңгерушісі Г.Мамраимова қатысып колледжіміздің I курс студенттерін және оқытушылары мен қызметкерлерін жаңа оқу жылының басталуы мен құттықтап өздерінің ізгі ниеттерін білдірді Сондай-ақ колледжіміздің ІІ курс студенттерінің орындауында әсем әндер шырқалып жиынымыз өз мәресіне жетті.



Саналы ұрпақ жобалық кеңсесі

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2021 жылы 27 қыркүйек күні директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә.Көлбайдың ұйымдастыруымен Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінің І курс студенттерімен Түркістан ҚПД ҚПБ ЖПҚ ЮПБ учаскелік полиция инспекторы полиция капитаныА.Оразходжаев "Заң және заман" тақырыбында кәмелетке жасы толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық орындарды ластамау сонымен қатар колледждің ішкі тәртібі, жол жүрісі қағидаларын бұзуға жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізді. #Qazaqstan30

"Салауатты өмір-салты"

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2021 жылдың 28 қыркүйек күні Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінде "Салауатты өмір-салты"және"COVID- 19" инфекциясының қалай таралатыны және вирустан қорғану шараларына жалпы түсінік беру үшін Түркістан қаласынның "Ақзере"емханасының дәрігерлері Э.Мамек және Н.Есентаев баяндамаларын оқып, студенттерге толық ақпарат берді.Қазіргі таңда бүкіл әлем болып күресіп жатқан індеттен барлығымыз сабыр сақтап,гигиеналық талаптарды орындап,дене белсенділігін арттыру мақсатында салауатты өмір салтын ұстану бұл пандемиядан қорғанудың бірден бір амалы екеніне тоқталып өтті. Коронавирус инфекциясына ұқсас симптомдар болған жағдайда: Жіті респираторлық инфекциясының симптомдары пайда болған немесе жаңа коронавирустық пневмонияға күдік туған кезде медициналық мекемелерге бару қажет,ауыр нысаны болған жағдайда-шұғыл түрде үйге көмекті шақырту кажет екендігі айтылып өтті.



"Салауатты өмір-салты"

Басты бет

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жылдығына орай, Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінің мейірбикелері Ә. Байбатшаева және Ә. Әлімбет колледж студенттеріне "Туберкулез" және "Тұмау" инфекцияларынан сақтану жолдарымен қатар аурудың алдын алу шараларын,потогенезін,асқынуын, диагностикасын,емін, қорғану шараларына баяндама оқылып түсіндіріліп айтылып және студенттерден эссе жазылып алынды. Өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға және салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігіде айтылып өтті..

8 қазан күні «Сырғалым» клубының жетекшісі Қонысбай Арай Жарқынбекқызы І-ІІ курстар арсында «Күз аруы» байқауын санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, дәстүрлі форматта өткізілді.Шараның мақсаты — колледж студенттерінің бос уақытын тиімді пайдалану, оларды парасаттылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу. Жас ұрпақтың бойындағы ізденісін дамыту мен күз кереметін ұғындыру. Аруларымыз «Таныстыру», «Өз өнері», «Қазақтың ерен қыздары» образ , «Кім жылдам» , «Мамандығым - мақтанышым»сайыстары бойынша бақ сынасып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Байқау нәтижесі бойынша бас жүлде, «Күз аруы – 2021» атағына «Құрылыс шебері» мамандығыңын ІІ –курс студенті Амангелді Әсел лайық деп танылды. ІІ– орынды «Аспаз» мамандығының ІІ –курс студенті Нұрмаханқызы Ақмаржан, ІІІ–орынды «Арнайы тігінші» мамандыңының ІІ– курс студенті Аблаш Ырыскүл жеңіп алды. «Сымбатты ару» номинациясын «Аспаз» мамандығының І -студенті Тұрсынқұлова Жанботаға иемденді, «Бұрымды ару» номинациясын «Арнайы тігінші» мамандығының І курс студенті Махашова Арай, «Өнерлі ару» номинациясын « Есептеу техникасы және ақпараттық желілер» мамандығының І – курс студенті Абдурахманова Фатима Қатысушыларға Кәсіподақ ұйымынан арнайы дайындаған дипломдары мен естелік сыйлықтары табысталды. Көрермендер жоғары деңгейде ұйымдастырылған кеш үшін «Сырғалым» клубының ұжымына ризашылығын білдірді.



Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай колледжімізде тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен "Ұстаздар күніне" арналған қонцерттік бағдарлама болып өтті. Іс-шара барысында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шайдулла Ж және директордың міндетін уақытша атқарушы Досаев М колледжіміздің белсенді оқытушыларын құттықтай отырып диплом, құрмет грамоталары, алғыс хаттарды табыстады. Сондай-ақ оқытушылардың құрметіне колледжіміздің ІІ мен ІІІ курс студенттер тарапынан әсем әндер шырқалып, би орындалды. Құрметті ұстаздар! Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлдену жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілейміз. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын. Мерекелеріңіз құтты болсын!

"Өнерлі ұстаз-2021"

02.11.2021ж. колледж ұстаздары арасында облыстық "Өнерлі ұстаз-2021" байқауы болып өтті. Бұл жолғы іс шара Түркістан қаласындағы "Ақжайық" музыка мектебінде өтті. Өнер бәсекесіне облыстағы колледждерден 17 ұстаз қатысты. Үш шарттан құралған байқауда ұстаздар: "Өзін-өзі таныстыру"," менің педагогикалық қызметім" және "өз өнері" кезеңіндерінен тұратын сайысы арқылы бағаланды. Кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды, себебі ұстаздық- өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. Осындай ізгілікті ізденіс пен ерен еңбектің арқасында байқауға қатысқан физика пәні мұғалімі Алибекова Мөлдір сайыс қорытындысы бойынша жүлделі 2 орын иеленіп колледждің мәртебесін биіктен көрсете білді.. #Qazaqstan30

«Нашақор жайлы новелла» қойылым

Қ. Р. Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жатақхана тәрбиешісі Г. Асанбаева 4-қараша күні студенттермен қаламыздағы Р. Сейітметов атындағы театрына «Нашақор жайлы новелла» қойылымына барды. Аталған қойылымнан студенттер жақсы әсер алып нашақорлықтың адамгершілік қасиеттен, ата-ана, жанұясынан көз жазып, қоғамға да жауапкершілікпен қарауға жігері жетпейтін дәрежеге жеткізетінін, соңы өліммен аяқталатынын, өте қауіпті дерт екенін ұғынды.

"Жаны саудың - тәні сау"

Көпсалалы индустриалды техникалық колледжінде 16.11.2021ж "Жаны саудың - тәні сау" тақырыбында Әлеуметтік педагог Ж.Сарсенбаева, Медбике А.Байбатшаева, Жастар инспекторы И.Ташметов , Педагог психолог Ұ.Алхожаеваның ұйымдастыруымен іс шара өткізілді. Іс шараға 1,2курс студенттері қамтылды. Іс шарада Салауатты өмір салтын сақтау, темекі шекпеу, арақ ішпеу, есірткі қолданбау, жаман әдеттерден аулақ болу, спортпен шұғылдану сынды маңызды ақпараттар берілді. #Qazaqstan30

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Түркістан облыстық "ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы" МКҚК-ның мамандары Кенжеғулов М.А және Есалиев Е.С. "Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінің" студенттері мен оқытушылары арасында 2021 жылы ЮНЕЙДС ұсынған Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күнінің тақырыбы "Теңсіздікті жою.ЖИТС-ті тоқтату. Пандемияны аяқтау" Дүниежүзілік науқан аясында "АИТВ:әрбірін түсіну" тақырыбымен іс шара өткізді. Іс шараның мақсаты: жастарға АИТВ/ЖИТС туралы шынайы ақпарат бере отырып, оларды қауіпсіз мінез-құлық дағдысына үйрету және АИТВ-мен өмір сүруші адамның құқықтарына құрмет көрсетуге, жастарды АИТВ инфекциясының алдын алу шаралары туралы білуге, өз денсаулықтарына жауапты болуға, салауатты өмір салтын ұстануға, зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Кездесу барысында қазіргі таңдағы өзекті мәселелер қозғалып, түрлі сұрақтарға жауап алынып, ұсыныс пікірлер тыңдалды. Студенттерге ақпараттық танымдық парақша таратылды.#Qazaqstan30



Түркістан қаласы ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен "Дін тәрбие діңгегі" тақырыбында "Ақ мешіт" имамы Самат Таңжарықов өңірдің колледж білімгерлерімен жүздесті. Кездесу барысында жат ағымдардың қоғамға келер зияны және олардан сақтану шаралары мен алдын алу жолдары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар суицид, нашақорлық, құқық бұзушылықтың зияны мен алдын алу жолдары жасалды.#Qazaqstan30