Жас маман

Басты бет

Колледжіміздегі "ЖАС МАМАН" ЖОБАСЫ- КӘСІБИ ДАМУДЫҢ НЕГЕЗІ

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жастар жылының ашылу салтанатында жариялаған (жас маман) жобасы жүзеге асырылуда . Бұл жобаның мақсаты - сұранысқа ие өнеркәсіптік және сервистік мамандықтарды жаңғыртуды және білікті мамандықты даярлауда халықаралық тәжірбиені енгізу болып табылады. Игі жоба Түркістан обылысында қарқынды жүзеге асуда.

Жас маман жобасы .

Түркістан қаласындағы «Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжі» таңдалған 100 мамандықтың тізіміндегі «Авто (мото) Слесарлары және Жөндеушілері» мамандығы бойынша шәкірт тәрбиелейді. Білім ордасы «Жас маман» жобасына қатысушы Республикадағы 180 колледж және 20 жоғары оқу орыдарының тізіміне енді. 2021 жылы колледжді заманауй құрал-жабдықтар мен техникалармен жарақтандыру және қаржыландыру жұмыстары басталды. Мұрат Досаев - Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжі директорының орынбасары Мамандар даярлаудың халықаралық стандарттарын енгізу үшін шетелдік серіктестермен бірлесіп оқу бағдарламаларын жаңартуда академиялық еркіндік әдістерін қолдану, педагог кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру жұмыстары ұйымдастырылады. «Жас маман» жобасы оқу өндірістік базасын жаңартып қана қоймай, құзіреттілік орталық құруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда колледждегі«автокөліктерді жөндеу және қызмет көрсету» мамандықтарын оқуға жастар көптеп қызығуда. Қазірдің өзінде болашақ маман иелері жалпыстуденттер контингентінің 35 пайызын құрайды. Бауыржан Әбдіуақит – Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Көпсалалы индустриалды техникалық колледжіЖоба аясында WorldSkills ұлттық және халықаралық чемпионаттарына қатысушыларды бір орталықтан даярлауды жүзеге асыруға болады. Құзыреттілік орталықтар үздік әлемдік стандарттар мен тәжірибеге, соның ішінде WorldSkills стандарттарына сай еңбек нарығына д айын кадрларды шығаруға мүмкіндік береді. Көпсалалы индустриалды техникалық колледжі – армандарға қанат бітіретін кұтты білім ордасы. Талантты, дарынды жастардың басын біріктіріп отырған мекен. Колледж ұжымы жасөспірімдерді тәрбиелеуде, олардың жан-жақты қабілетін ашып көрсету үшін аянбай еңбек етуге әрқашан дайын.